Статья опубликована в рамках: CCII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 09 декабря 2024 г.)
Наука: Психология
Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции
дипломов
АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ САМООЦЕНКИ ДЕТЕЙ, ОСТАВШИХСЯ БЕЗ ПОПЕЧЕНИЯ РОДИТЕЛЕЙ
Искакова Мерует Жардемгалиевна
магистрант 1 курса кафедры общей и прикладной психологии, Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби,
Казахстан г. Алматы
Калымбетова Эльмира Кенесовна
научный руководитель, канд. психол. наук, доц., Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби,
Казахстан г. Алматы
АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада өзін-өзі бағалау түсінігінің психологиялық негіздері , өзін-өзі бағалауға әсер ететін факторлар мен оны жақсарту жолдары қарастырылады. Зерттеу мақсаты - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктерін анықтау, жас және гендерлік аспектілерді талдау ,психологиялық қолдау жолдарын қарастыру. Өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін түсіну психологиялық қолдаудың тиімді әдістерін жасауға көмектеседі.
АННОТАЦИЯ
В данной статье расматривается психологические основы понятия самооценки, факторы, влияющие на самооценку, и способы ее улучшения. Цель исследования-выявить психологические особенности самооценки детей, оставшихся без попечения родителей, проанализировать возрастные и гендерные аспекты, рассмотреть пути психологической поддержки. Понимание особенностей самооценки поможет разработать эффективные методы психологической поддержки.
Түйін сөздер: өзін-өзі бағалау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қиын өмір жағдайы, интернат тәрбиесі, депривация, психологиялық ерекшеліктері.
Ключевые слова: самооценка, дети оставшиеся без попечения родителей, трудная жизненная ситуация, интернатное воспитание, депривация психологические особенности.
Кіріспе. Өзін - өзі бағалау-бұл біздің жеке басымызды, қабілеттерімізді, жетістіктерімізді және құндылықтарымызды бағалау. Ол біздің жеке сенімдерімізден, ойлау әдеттерімізден және өзімізді қабылдаудан қалыптасады. Өзін-өзі бағалауды біздің отбасымыз, басқа адамдармен қарым-қатынас, сәтті және сәтсіз тәжірибелер, білім беру және мәдени әсерлер сияқты көптеген факторлар қалыптастыра алады. Өзін-өзі бағалау - тұлғаның өзін-өзі тануының ең маңызды жағы, адамның "мен" құрылымының элементі. Бұл басқа адамдармен және өзімен қарым-қатынаста көрініс табады. Балалық шақта өзін-өзі бағалауды дамытудың маңызды факторы балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы және отбасы құрылымы болып табылады. Осы фактордың бұзылуы немесе болмауы баланың өзі туралы көзқарасының дамуына теріс әсер етеді.
Бүгінгі таңда психологияда балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы, ана мен әке болу әдетте бауыр басу санаты арқылы қарастырылады. Бауыр басу - өзара көңіл бөлумен, сезімталдықпен, жақын қарым-қатынаспен сипатталатын екі адам арасындағы тығыз эмоционалды байланыс. Өмірдің бірінші жылында баланың дамуында оның анасымен қарым-қатынасы басты рөл атқарады. Бұл қарым қатынас анасына деген бауыр басуды тудырады және баланың одан әрі психикалық даму барысын анықтайды [1].
Қазіргі психологияда әлеуметтік депривация жағдайында өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін қарастыру маңызды. Қиын өмір жағдайында қалып, интернат мекемелерінде тәрбиеленетін балалар жиі өзін-өзі бағалау мәселелеріне тап болады. Төмен өзін-өзі бағалау әртүрлі психикалық бұзылуларға және әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін. Бұл тақырыпты зерделеу алдын алу және араласу стратегияларын жасауға көмектеседі.
Өзін-өзі бағалау – адамның өзін-өзі қабылдау деңгейі, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне деген сенімі. Психологиялық тұрғыда бұл қасиет тұлғаның эмоционалдық тұрақтылығына және оның қоғамда өз орнын табуына ықпал етеді. Ата-ананың махаббаты мен қолдауы баланың өзін-өзі бағалауының қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі. Отбасылық тәрбие кезінде бала қауіпсіздік пен сүйіспеншілік сезімін алады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда бұл механизм бұзылып, сенімсіздік, өзіне күмәндану сезімдері пайда болады.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – бұл әлеуметтік қорғауды қажет ететін ерекше топ. Олар отбасылық тәрбиенің маңызынан айырылып, эмоционалдық, әлеуметтік және когнитивтік деңгейде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Баланың өзін-өзі бағалауы – оның жеке тұлға ретінде қалыптасуының маңызды аспектісі. Өзін-өзі бағалаудың төмен болуы эмоционалдық тұрақсыздыққа, қоғаммен байланыс орнатудағы қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Э. Фромм былай деп жазды: "алты жастан асқан балаға әкенің сүйіспеншілігі, билігі және әкесінің басшылығы қажет бола бастайды. Ананың қызметі-баланың өміріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әкесінің қызметі – оны тәрбиелеу, оны бала туып-өскен қоғам алдында тұрған қиындықтарды жеңе алатындай етіп бағыттау. Ананың өмірге деген сенімі болуы керек, балаға өз мазасыздығымен әсер етпеу керек" [2]. Егер, отбасында баланың жеке басын қалыптастыру үшін қолайлы психологиялық орта болмаса, мазасыздықтың даму қаупі жоғары болады. Ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда мазасыздық жиі көрініс табады. Бұл өз кезегінде төмен өзін-өзі бағалауға әкеліп соғады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасында тәрбиеленетін балалардан ажырататын психологиялық ерекшеліктері бар. Олар отбасынан ажараудың, жақындарынан айырылудың не екенін біледі. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың психологиялық ерекшеліктері-агрессивтіліктің жоғарылауы, мазасыздық, қорқыныш, отбасылық қатынастарға тән тұрақтылықтың жоқтығы, сенімсіздік, үнемі бейімделуге қажеттілік, басқалардың жақсы көзқарасы лайық болуға тырысу. Оларда басқа адамдардың пікіріне тәуелділік, топтың әсеріне ұшырау, тұтынушылық сана дамиды.
Балалар үйінде бала үшін ең маңызды тұлға тәрбиеші болып табылады. Тәрбиеші баламен үздіксіз өзара әрекеттесседі, оның дамуын бағыттайды, сол ортаға бейімделуге көмектеседі. Тәрбие белгілі бір әлеуметтік ортаға тұқым қуалайтын тәжірибені бейімдеу ретінде анықталады [3]. Осыған байланысты тәрбиешінің жеке тұлғасы мен балалар мекемесіндегі жалпы қатынастар ерекше мәнге ие болады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өзіне деген көзқарасы бір мәнді болып келеді. Бұл балаларда жеке ыңғайсыздық және жетістікке деген сенімсіздік көрінеді. Психологиялық тұрғыдан бұл баланың өзіне деген әдеттегі қатынасын сақтауының маңыздылығымен түсіндіріледі.
Розенбергтің зерттеулері бойынша, өзін-өзі бағалау адамның ішкі үйлесімділігі мен сыртқы ортаның қолдауына байланысты қалыптасады [4]. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өзін-өзі бағалауына келесі факторлар әсер етеді:
- Эмоционалдық жарақаттар: Балалардың отбасынан айырылуы олардың психологиялық тұрақтылығына теріс әсер етеді. Балада қорқыныш, жалғыздық сезімі басым.
- Әлеуметтік қабылдау: Қоғамның немесе құрдастардың кемсітушілік көзқарасы олардың өзін-өзі қабылдауына кедергі жасайды.
- Әлеуметтік орта - бала психикасының дамуына тікелей ықпал ететін ең жақын әлеуметтік ортасы: ата-анасы және отбасының басқа мүшелері, кейінірек балабақша тәрбиешілері мен мектеп мүғалімдері [5]. Балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға топтық ортаға бейімделу қажеттілігі туындайды, бұл кейде жеке ерекшеліктерінің еленбеуіне әкеледі.
- Қамқоршының рөлі: Жетім балаларға қамқорлық көрсететін тұлғалардың махаббаты мен қолдауы өзін-өзі бағалауды қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан ересек адамның рөлі өте маңызды, соның арқасында қоршаған ортадағы мінез-құлық ережелері мен әрекет ету тәсілдері балалар үшін айқындала бастайды, субъективті мәнге ие болады, содан кейін оның ішкі жетістігіне айналады [6].
Психолог Бандураның әлеуметтік-танымдық теориясы бойынша, өзін-өзі бағалауды жақсартудың негізгі тәсілі — өзін-өзі тиімділік сезімін арттыру. Бұл жетістіктерді тану және өзін-өзі марапаттау арқылы жүзеге асады [7].
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өзін-өзі бағалауын жақсарту үшін мынадай психологиялық әдістер қолданылады:
- Психологиялық кеңес беру: Баланың эмоционалдық жарақатын емдеуге бағытталған.
- Әлеуметтік қолдау: Қоғамдық ұйымдар мен еріктілер арқылы балаларға көңіл бөлу.
- Топтық терапия: Құрдастарымен өзара әрекеттесу арқылы өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру.
- Шығармашылық даму: Баланың қабілеттерін ашуға бағытталған үйірмелер, өнер немесе спорт секциялары.
Қорытынды
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өзін-өзі бағалауы олардың өмір сапасын анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш адамның әлеуметтік бейімделуінде, қарым-қатынас құруда және өмірлік мақсаттарға жетуінде маңызды рөл атқарады. Балалардың қоғамға бейімделуі үшін эмоционалдық және әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыру маңызды. Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы елдің әлеуметтік және психологиялық мәселелері қатарында маңызды орын алады. Балаларының өзін-өзі бағалауын зерттеу жеке дамудың кейбір аспектілерін нақтылауға мүмкіндік береді. Эмпирикалық нәтижелерге сүйене отырып арнайы мекемелерде тәрбиеленетін балаларға арналған психологиялық сүйемелдеудің түзету бағдарламаларын жасауға болады. Әр түрлі өмір сүру жағдайлары мен тіршілік әрекетін ұйымдастыру балалардың психологиялық ерекшеліктеріне, атап айтқанда, олардың өзін-өзі бағалауының деңгейіне әсер етеді деп болжауға болады. Әрбір бала үшін отбасы маңызды рөл атқарады, себебі тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуы отбасындағы қарым-қатынастарға тікелей байланысты. Мемлекет пен қоғам бұл бағытта бірлесіп жұмыс жасағанда ғана балалардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
- Прихожан А. М. Толстых Н. Психология сиротства. Питер,2007—б.75
- Фромм Э. Искусство любви. – Мн., 1990. – б.28.
- Выготский Л. С. Педагогическая психология/ Под ред. В. В. Давыдова. М.: Педагогика-Пресс, 1999. — б.38
- Rosenberg М. Self-Esteem Scale: Psychometric Validation. Journal of Social Psychology, 1989.
- Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: оқулық Алматы.Қазақ университеті, 2014. – б.18.
- Эльконин Д.Б. Детская психология: учебное пособие для студентов высшего учебного заведения 4-е изд., стер. М.: Академия, 2007. – б. 384
- Bandura A. Self-Efficacy:The Exercise of Control. New York: Freeman,1997.
дипломов
Оставить комментарий