Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CCI Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 28 ноября 2024 г.)

Наука: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Амандаулетқызы А. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТІҢ СОТТЫҚ ИММУНИТЕТІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ТӘРТІБІ // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CCI междунар. студ. науч.-практ. конф. № 22(200). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/22(200).pdf (дата обращения: 05.12.2024)
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ШЕТ МЕМЛЕКЕТТІҢ СОТТЫҚ ИММУНИТЕТІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ТӘРТІБІ

Амандаулетқызы Ақниет

6В04202 – «Құқықтану» білім бағдарламасының 4 курс студенті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Есенгазиева Айнур Калимовна

научный руководитель,

ғылыми жетекшісі, з.ғ.м., аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

ПОРЯДОК РЕШЕНИЯ ВОПРОСОВ О СУДЕБНОМ ИММУНИТЕТЕ ИНОСТРАННОГО ГОСУДАРСТВА

 

Амандаулеткызы Акниет

студент 4 курса образовательной программы «Юриспруденция», Западно-Казахстанский университет имени М. Утемисова,

Казахстан, г. Уральск

Есенгазиева Айнур Калимовна

научный руководитель, магистр юрид.наук, старший преподаватель, Западно-Казахстанский университет имени М. Утемисова,

Казахстан, г. Уральск

 

АННОТАЦИЯ

Бұл ғылыми-мақалада қазіргі таңдағы ауқымды тақырып – «Шет мемлекеттің соттық иммунитеті» туралы айтылады. Бұл халықаралық құқық пен ұлттық заңнамадағы өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Оған түсініктемелер беріліп, бірнеше түрлері көрсетіле отырып, әрқайсысына жеке – жеке түсініктеме беріледі. Осы мәселе мемлекеттердің егемендігін сақтау және жеке тұлғалар мен ұйымдардың құқықтарын қорғауды теңестіру  қажеттілігімен байланыстыра отырып маңызды мәліметтер қолданылады. Мемлекеттер арасындағы тығыз байланысы және осы соттық иммунитет туралы халықаралық шарттар мен конвенциялар көрсетіледі. Сонымен қатар, шет мемлекеттің соттық иммунитеті біздің еліміздің шетелмен тығыз байланысы туралы айтылады.

АННОТАЦИЯ

В данной научной статье рассматривается актуальная тема современности – «Судебный иммунитет иностранного государства». Это один из важнейших вопросов международного права и национального законодательства. Приводятся разъяснения, рассматриваются несколько видов судебного иммунитета, каждому из которых дается отдельное объяснение. Эта проблема связана с необходимостью обеспечения баланса между сохранением суверенитета государств и защитой прав физических и юридических лиц. В статье используются важные данные, иллюстрирующие тесные связи между государствами, а также освещаются международные договоры и конвенции, регулирующие вопросы судебного иммунитета. Кроме того, рассматривается вопрос судебного иммунитета иностранных государств в контексте тесных внешних связей нашей страны с зарубежными партнерами.

 

Кілт сөздер: абсолютті иммунитет, келісімдер мен конвенциялар, юрисдикция, келісім шарт, коммерциялық әрекет, дипломатиялық қызметкер.

Ключевые слова: абсолютный иммунитет, соглашения и конвенции, юрисдикция, договор, коммерческая деятельность, дипломатический сотрудник.

 

Шет мемлекеттің иммунитеті – бұл халықаралық құқық қағидаты, оған сәйкес шет мемлекеттер басқа елдің сот жүйесінен, оның ішінде сот актілерін орындау және мәжбүрлі шаралардан қорғалады. Бұл қағида мемлекеттердің егемендігі мен теңдігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттердің бір-бірінің сот юрисдикциясына бағынбауы олардың егемендігі мен халықаралық құқықтағы дербестігін нығайтуға бағытталған. Иммунитет үш негізгі түрге бөлінеді:

  1. Соттық иммунитет – бұл шет мемлекеттің басқа мемлекеттің соттарында жауапкер немесе талапкер ретінде тартылмау құқығы.
  2. Орындаушылық иммунитет – бұл шет мемлекеттің мүлкіне мәжбүрлі шара қолданудан қорғау құқығы.
  3. Мемлекеттік басшылар мен дипломатиялық иммунитет – мемлекет басшылары мен дипломатиялық қызметкерлерді басқа мемлекеттің сот юрисдикциясынан қорғау.

Алғашында шет мемлекеттің иммунитеті абсолютті сипатқа ие болды.Бұл теорияға сәйкес шет мемлекет кез келген жағдайда басқа елдің сот жүйесіне бағынбады. Алайда ХХ ғасырда мемлекеттердің экономикалық және коммерциялық қатынастарының дамуына байланысты шектеулі иммунитет теориясы қалыптасты. Абсолютті иммунитет теориясы мемлекеттің қандай да бір әрекетіне қарамастан, оның сот юрисдикциясынан толық қорғалуын қамтамасыз етсе, шектеулі иммунитет теориясы тек егемендік қызметтерге иммунитет беріп, коммерциялық немесе азаматтық сипаттағы әрекеттерді сотқа тартады.

Егемендік әрекеттер – мемлекеттің билігіне қатысты қызметтер: соғыс, заң қабылдау, дипломатиялық байланыстар. Бұл әрекеттер толық иммунитетке жатады.Коммерциялық әрекеттер – мемлекеттің кәсіпкерлік қызметтері немесе азаматтық келісімшарттары. Бұл жағдайларда иммунитет қолданылмайды.

Мұндай жағдайларда халықаралық келісімдер маңызды рөл атқарады. Мысалы:

  • Еуропа Кеңесінің Мемлекеттік иммунитет туралы конвенциясы шет мемлекеттердің соттық иммунитетіне нақты шектеулер енгізген.
  • БҰҰ-ның "Мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясы" шектеулі иммунитет қағидатын бекітіп, мемлекеттің сот юрисдикциясында қаралуының шарттарын анықтайды.

Сонымен қатар әр мемлекет өз ұлттық заңнамаларында иммунитет мәселелерін реттейді. Мысалы:

  • АҚШ-та «Шет мемлекеттердің иммунитеті туралы заң» коммерциялық қызметтерге қатысты иммунитетті шектейді.
  • Ұлыбританияда «Мемлекеттік иммунитет туралы заң» осыған ұқсас ережелерді қамтиды.

Қазақстан Республикасында бұл мәселелер Азаматтық іс жүргізу кодексі мен халықаралық шарттар негізінде реттеледі. Қазақстан шектеулі иммунитет қағидатын ұстанады. Егер шет мемлекет Қазақстан аумағында коммерциялық қызмет жүргізсе, ол сотқа тартыла алады. Мысалы, егер шет мемлекет Қазақстан аумағында келісімшарт негізінде қызмет атқарып, өз міндеттемелерін орындамаса, бұл істі қазақстандық соттар қарай алады.Алайда шет мемлекеттің егемендік әрекеттеріне иммунитет қолданылады. Бұл халықаралық құқық нормалары мен Қазақстанның ұлттық заңнамасына негізделген. Сонымен қатар Қазақстанда шет мемлекеттердің коммерциялық әрекеттеріне байланысты істерді қарау кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының қағидаттары ескеріледі.Шет мемлекет өз еркімен иммунитеттен бас тарта алады. Бұл келісімшарттарда арнайы ережелермен көрсетілуі мүмкін немесе нақты әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Иммунитеттен бас тарту сот юрисдикциясын қолдануға мүмкіндік береді, бірақ ол тек нақты жағдайлар үшін ғана болуы мүмкін.

Шет мемлекеттің иммунитеті – халықаралық құқықтың негізгі құралдарының бірі, ол мемлекеттердің егемендігін, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Алайда қазіргі экономикалық және құқықтық қатынастардың дамуы шектеулі иммунитет теориясын қолдануды талап етеді. Бұл әдіс мемлекеттердің құқықтық қатынастарында тепе-теңдік сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында шет мемлекеттің соттық иммунитеті мәселелерінің шектеулі иммунитет қағидасына негізделуі еліміздің халықаралық құқықты құрметтейтіндігін және әділеттілік қағидаттарына сәйкес әрекет ететінін көрсетеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Біріккен ұлттар ұйымының “Мемлекеттер мен олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясы”, 2004 ж., 2 желтоқсан
  2. Еуропа Кеңесінің “Мемлекеттік иммунитет туралы конвенциясы”,  1972 ж., 16 мамыр
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж., 30 тамыз. [Электрондық ресурс] - https://dzen.ru/a/Xmhy8YL53gsEBc_U (11.03.2020)
  4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, 2005 ж., 30 мамыр [Электрондық ресурс] - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы - "Әділет" АҚЖ
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Идет голосование
Эта статья набрала 0 голосов (обновление каждые 15 минут)
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.