Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 30(368)
Рубрика журнала: Юриспруденция
Скачать книгу(-и): Скачать книгу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДАҒДАРЫСЫ
АННОТАЦИЯ
Мақалада халықаралық құқықтың қазіргі жүйесі нашар жұмыс істейтіні түсіндіріледі. Автор жетекші мемлекеттердің, ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің өз мүдделерін басшылыққа ала отырып, халықаралық-құқықтық нормаларды іріктеп қалай қолданатынын талдайды. Іс жүзінде халықаралық құқық көбінесе әмбебап ережелер жүйесіне емес, ұлы державалардың саясатын заңдастыру құралына айналатыны көрсетілген. Халықаралық құқықтың принциптері мен мықты мемлекеттердің нақты саясаты арасындағы терең қайшылық туралы қорытынды жасалады.
Түйінді сөздер - Халықаралық құқық, күштің құқығы, Қос стандарттар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері, егемендік теңдігі, агрессия актісі, нормаларды іріктеп қолдану, халықаралық-құқықтық жауапкершілік.
Халықаралық құқық бүгінде барлығына міндетті әмбебап ережелер жүйесі ретінде емес, ең күшті мемлекеттердің мүдделеріне қызмет ететін құрал ретінде қабылдануда. БҰҰ Жарғысында салтанатты түрде жарияланған мемлекеттердің егемендік теңдігі, шекаралардың мызғымастығы және күш қолдануға тыйым салу қағидаттарына қарамастан, нақты халықаралық тәжірбие ұлы державалардың үстемдігін және тұрақты теңсіздікті айқын көрсетеді. Нормалар таңдамалы түрде қолданылады, олардың түсіндірмесі субъектінің саяси салмағына икемді түрде бейімделеді, ал бұзушылық фактісі көбінесе іс-әрекеттің мазмұнына емес, дәл осы әрекетті кім жасағанына байланысты. Өзін - өзі қорғау құқығы сияқты іргелі құқықтық ұғымдар елеулі және кейде ерікті бұрмалануға ұшыраған жағдайларда да, ұзақ уақыт бойы бір тән қағида сақталды - кем дегенде халықаралық құқық тұрғысынан өз әрекеттерін ресми түрде ақтауға ұмтылу.
Алайда, соңғы жылдары бұл өзін-өзі ақтау механизмі айтарлықтай әлсіреді. Біржақты көзқарасты ұстанатын бірқатар мемлекеттер, тіпті халықаралық нормаларға сырттай да сақтауға тырыспайды. Кейбір жағдайларда мемлекет басшылары басқа елдің аумағын басып алу немесе оған бақылау орнату туралы идеяларын ашық айтады. Мұндай мәлімдемелер халықаралық құқықтың егемендік пен аумақтық тұтастық принциптеріне қатысты сұрақтар тудырады. Белгілі бір соғыстарға қатысты халықаралық ұйымдар құқық бұзушылық жасаған деген мәлімдеме жасайды, ал соғысты бастаған мемлекет билігі өзің қорғау құқығы мен қауіпсіздігімен түсіндіреді.
1945 жылдан кейін құрылған халықаралық құқық жүйесі бастапқыда Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесіне ерекше құқық берді. Вето құқығы кез-келген тұрақты мүшеге шешімді бұғаттауға ғана емес, сонымен бірге белгілі бір әрекетті бұзушылық ретінде анықтау мүмкіндігін де бұғаттауға мүмкіндік береді. Вето құқығы бар ұйымның мүшелерінің кем дегенде біреуі бұзушылық фактісін мойындаудан бас тартқанша, ол ресми түрде жүйенің көз алдында бұзушылыққа айналмайды.
Кейбір қақтығыстарда БҰҰ Бас Ассамблеясы мен мемлекеттерінің бөлігі және БҰҰ Халықаралық соты белгілі бір әрекеттерді агрессия актісі ретінде таниды. Соғысып жатырған мемлекеттердің бір-бірінің энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымына жаппай соққы беруі, басып алынған аумақтарда халықаралық гуманитарлық ұйымдардың жұмысына кедергілер жасау - мұның бәрі халықаралық органдардың тергеуіне назарына ілігеді. Алайда кейбір мемлекеттер халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайды.
Бірқатар мемлекеттер мен халықаралық институтар белгілі бір қақтығыстарды ауқымды түрде айыптайды, көлемі бойынша бұрын-соңды болмаған экономикалық санкциялар енгізілді. Сонымен қатар ауыр гуманитарлық жағдайларға қалған мемлекеттерге халықаралық саяси назар әлдеқайда аз аударылады. Бұл сәйкессіздік мәлімделген принциптердің әмбебаптығына үлкен күмән келтіреді және халықаралық құқық негізінен ықпалды ойыншылардың стратегиялық, экономикалық немесе имидждік мүдделеріне сәйкес келетін жерде және сол жерде жұмыс істей береді деген түсінікті күшейтеді.
Нәтижесінде саяси ортада барған сайын халықаралық құқықтың өзара міндеттер жүйесі емес екенің және институционалдық рәсімдеуіне тең емес ой деген қалыптасуда. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің күші, саяси ықпалы арқылы ненің рұқсат етілетінін, ненің рұқсат етілмейтінін өздері шешетін кеңістік. Бұл фактіні мойындау, қаншалықты ыңғайсыз және тіпті жағымсыз болып көрінсе де, халықаралық-құқықтық тәртіптің болашағы туралы кез-келген маңызды әңгіме үшін қажетті бастама болады. Құқықты нығайту үшін алдымен оның қазіргі қолдану тәжірбиесін шынайы бағалау керек: кімге ол толық қолданылады, ал кімге тандалмалы түрде. Тек осылай ғана халықаралық тәртіптің шынайы теңсіздігін түсініп, оны -өзгерту жолдарын іздеуге болады.
Әдебиеттер тізімі:
- Ладогин О. Le Monde: Международного права больше нет // AFTERSHOCK. -2025. – URL: https://aftershock.news/?q=node/1521762&full (дата обращения: 11.09.2026).
- Оганесян В.А. Актуальные проблемы международного права в контексте изменяющегося мирового порядка // European and Asian Law Review. – 2023. – Т. 6, № 3. – С. 29–50. – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/aktualnye-problemy-mezhdunarodnogo-prava-v-kontekste-izmenyayuschegosya-mirovogo-poryadka (дата обращения: 11.09.2026).
- Сайфуллин Э. Международное право умерло, да здравствует международное право! // Российский совет по международным делам. – 2022. – URL: https://russiancouncil.ru/analytics-and-comments/analytics/mezhdunarodnoe-pravo-umerlo-da-zdravstvuet-mezhdunarodnoe-pravo (дата обращения: 11.09.2026).
- Doebbler C.F.J. American Hypocrisy on International Law // CounterPunch. – 2014. – URL: https://www.counterpunch.org/2014/03/06/american-hypocrisy-on-international-law/ (дата обращения: 11.09.2026).
- Duroy S., Trenta L. “Hypocrisy Implies a Moral Code”: The Abduction of Nicolás Maduro and the Systemic Costs of Non-Justification // Verfassungsblog. – 2026. – URL: https://verfassungsblog.de/venezuela-us-international-law/ (дата обращения: 11.09.2026).
- Ezirigwe J. Double Standards in International Law: Critical Reflections for an Academic Lens for Teaching and Research // Opinio Juris. – 2025. – URL: https://opiniojuris.org/2025/07/21/double-standards-in-international-law-critical-reflections-for-an-academic-lens-for-teaching-and-research (дата обращения: 11.09.2026).
- Kelley S. The United States Battles International Law // New Lines Institute. – 2026. – URL: https://newlinesinstitute.org/intl-law-peace/the-united-states-battles-international-law (дата обращения: 11.09.2026).

