Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 34(330)

Рубрика журнала: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5

Библиографическое описание:
Хамитов Р.С. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДАМУЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2025. № 34(330). URL: https://sibac.info/journal/student/330/389123 (дата обращения: 05.11.2025).

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДАМУЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Хамитов Расул Сағындықұлы

студент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан, Орал

Кумарова Ұлдай Кумаровна

научный руководитель,

Ғылыми жетекші, дың аға оқытушысы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан, Орал

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы ювеналдық құқықтың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық негіздер, ювеналдық әділ сот жүйесінің қызметі мен әлеуметтік бейімдеу шаралары талданады. Сондай-ақ, ювеналдық құқық саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылады.

 

Кілт сөздер: ювеналдық құқық, кәмелетке толмағандар, бала құқықтары, ювеналдық әділ сот, заңнама.

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қоғамның тұрақты дамуы мен өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін әрбір баланың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілуі қажет. Осы тұрғыда ювеналдық құқық ұғымы ерекше мәнге ие. Бұл құқық саласы балалар мен жасөспірімдердің құқықтық жағдайын, олардың қорғалуын және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың  жиынтығын қамтиды.

1. Қазақстандағы ювеналдық құқықтың қалыптасуы

Қазақстанда ювеналдық құқықтың дамуы БҰҰ-ның 1989 жылғы Бала құқықтары туралы конвенциясын 1994 жылы ратификациялаудан бастау алады. Бұл құжат кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауда халықаралы стандарт тарды енгізуге және ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.) бала мен ананың мемлекет қорғауында екенін айқындайды. Сонымен қатар, «Баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы Қазақстан Республикасының заңы ювеналдық саясаттың негізгі қағидаттарын айқындады. Бұл заңда әрбір баланың өмір сүруге, отбасында тәрбиеленуге, білім алуға және өз пікірін еркін білдіруге құқығы бекітілген.

2. Ювеналдық әділ сот және оның маңызы

Қазақстанда ювеналдық юстиция жүйесі 2007 жылдан бастап енгізіле бастады. Арнайы ювеналдық соттар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық және азаматтық істерді жеке қарайды. Мұндай соттардың басты мақсаты – жазалау емес, қайта тәрбиелеу мен әлеуметтік бейімдеуге жағдай жасау. Бұл тәсіл халықаралық тәжірибеде тиімді нәтиже көрсеткен және Қазақстанда да оң ықпал етуде.

Ювеналдық әділ соттардың қызметі балалардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, оларға қатысты шешімдердің гуманистік сипат алуына ықпал етеді. Сондай-ақ, мұндай соттар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асырады.

3. Қазіргі мәселелер мен даму бағыттары

Ювеналдық құқық саласында оң өзгерістермен қатар шешілмеген мәселелер де бар. Ең бастысы – ата-аналардың заңдық сауаттылығының төмендігі, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың жетіспеушілігі. Кей жағдайларда балалардың құқықтарын қорғау тетіктері толық көлемде жұмыс істемейді. Бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және кадр даярлау маңызды болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда ювеналдық саясатты жетілдіру үшін кешенді бағдарламалар іске асырылуда. Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институты жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру шаралары тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Қорыта айтқанда, ювеналдық құқық Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі маңызды және өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бұл сала кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қоғамға бейімделуіне және адамгершілік құндылықтарды сіңіруіне бағытталған. Болашақта ювеналдық құқықтың дамуы халықаралық стандарттарға сай жетілдіріліп, балалардың құқықтарын қорғау жүйесі одан әрі нығайтылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 1995 ж.
  2. «Баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы. – 2002 ж.
  3. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі. – 2011 ж.
  4. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы. – 1989 ж.
  5. ҚР Қылмыстық кодексі. – 2014 ж.

Оставить комментарий