Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 15(185)
Рубрика журнала: Экономика
Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6, скачать журнал часть 7, скачать журнал часть 8
БАНКТЕРДІҢ ЦИФРОВИЗАЦИЯЛАНУ ҮРДІСІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
THE NEED FOR THE DIGITALIZATION OF BANKS
Diana Kuzyredenova
student, School of Economics and Finance, Almaty Management University,
RK, Almaty
Indira Hozhamuratova
student, School of Economics and Finance, Almaty Management University,
RK, Almaty
Sharipkazykyzy Ansagan
student, School of Economics and Finance, Almaty Management University,
RK, Almaty
Sandugash Sauranbay
scientific supervisor, Аcting Аssociate Professor Almaty Management University,
RK, Almaty
АННОТАЦИЯ
Мақала барысында банктердің цифровизациялану үрдісінің қажеттілігі туралы сөз қозғалады. Бұл үрдіс банк жүйелерінің өзгерісіне алып келеді, яғни банк саласына жаңа технологияларды енгізумен тығыз байланысты. Жалпы мақалада әлем елдерінде, Қазақстандағы банктердің цифровизациялану үрдісінің деңгейіне сараптама жасалды. Сонымен қатар, банк қызметін тұтынушылардың жалпы онлайн банкинг ұғымына қатысты көзқарастары анықталды.
ABSTRACT
The article will focus on the need for the process of digitalization of banks. This trend leads to a change in banking systems, it is closely related to the introduction of new technologies in the banking industry. The general article analyzes the level of the trend of digitalization of banks in Kazakhstan, countries of the world. In addition, the views of consumers of banking services on the concept of online banking in general are revealed.
Түйін сөздер: цифрландыру, қаржылық технологиялар, банктер, цифрлық банкинг.
Keywords: digitalization, financial technology, banks, digital banking.
Қазіргі кезде барлық сфераларды жаһандық цифровизацияландыру үрдісі, яғни заманауи цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жүруде. Жалпы жаһандық жоспарда цифрландыру өмір мен өндірістің түрлі салаларына енгізілетін цифрлық технологияларға негізделген экономикалық қызмет тұжырымдамасын білдіреді. Соңғы үш- төрт жылда банк саласында да қарқынды технологиялық өзгерістер мен жаһандық цифрландыру жүріп жатыр. Бұл үрдіс банктерге жаңа сандық өнімдер мен қызметтерді құруға және бизнес-модельдерді өзгертуге мүмкіндік беріп отыр.
Қаржы нарығындағы қатысушылардың барлығы дерлік банк саласын цифрландыру банк болашағының ең маңызды тренді екенін, ал цифрландыру банкингтің барлық бағыттарына әсер ететінін мойындап отыр. Сонымен қатар, 2020 жылғы COVID-19 пандемиясы барлық әлем елдерінің банк тұтынушыларының сұранысының өзгеруіне, жалпы банк саласының өзгерісіне үлкен әсерін тигізді. Яғни пандемия банк саласына цифровизациялану үрдісінің қаншалықты қажет екенін көрсетті және осыған орай жасалу керек әрекеттерді жеделдетті. Сонымен қатар соңғы 2-3 жылда кез-келген банкте цифрлық банкингті қолданудың өсуі байқалғанын айта кеткен жөн.
Жалпы банктердің цифровизациялану үрдісі тек қана тұтынушыларға дәстүрлі банктерде ұсынылатын қызметтерді қашықтықтан ұсынатын, қызмет ететін цифрлық немесе мобильді банк деген сөз емес. Сонымен қатар бұл үрдіс банктердің барлық саласын толық цифрландыру дегенді білдіреді. Тіпті бұл туралы шетелдік эксперттер банктердің цифровизациялану үрдісін кеңінен қарастыру керек деген пікірде. Мысалы “Merkle” консалтингтік агенттігі «цифрлық банкинг» ұғымына келесідей анықтама береді. Цифрлық банкинг – банк операцияларын не трансакцияларын жүзеге асыруда, максималды функционалдықты қамтамасыз ететін, клиенттер үшін тиімді, қолжетімді қызметтер ұсыну үшін информациондық технологияларды қолдану. Ал бұл банк үшін шығын көлемінің төмендеуін, жұмыстарда қателіктердің болмауын және ұсынылатын қызмтеттердің сапасының жоғарлауын білдіреді. Осы талаптарға сай болатын банк жүйесін әзірлеу қазіргі кезде әлем елдерінде жүруде, ал біздің елімізде яғни Қазақстанда банктердің цифровизациялану үрдісі қаншалықты қарқынды жүруде?
Бүгінде Қазақстанда клиенттерге қашықтықтан банктік қызмет көрсету — интернет-банкинг, мобильдік банктік қосымшалар қызметтері қарқынды дамуда. Олар арқылы төлемдерді қашықтықтан жүргізуге, қызметтерді төлеуге және банктердің талап етілетін өзге де өнімдеріне қол жеткізуге болады. Қазіргі уақытта жүйелерде 9 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, олардың шамамен 30%-ы операцияларды тұрақты жүргізеді. Интернет және мобильді банкинг жүйелері арқылы жасалатын операциялардың көлемі қазірдің өзінде POS-терминалдар арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемінен асып түседі. Күн сайын елімізде цифрлық банкинг жүйесі арқылы халықтың шамамен 6 миллиард теңге сомасына 400 мыңнан астам қолма-қол ақшасыз транзакциялары жүргізіледі. Бизнес субъектілерінің қаржылық транзакцияларының 70%-ы да электрондық банк сервистері арқылы жүргізілетіні еліміздегі цифрлық банкингтің жоғары рөлін айқындап отыр.
Қазіргі кезде банктер банктік шотты онлайн режимінде ашу және биометриялық технологияларды пайдалану туралы жаңа шешімдерді енгізуде. Заңды тұлғалардың банк шотын онлайн ашу және оларды электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезеңінде міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сервис іске қосылды, яғни жаңадан құрылатын заңды тұлға бір электрондық рәсім шеңберінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, осындай сервисті ұсынатын екінші деңгейдегі банктердің бірінде өз қалауы бойынша банк шотын аша алады және өз қызметкерлерін сақтандыра алады. Осылайша, қаржылық қызметтердің жаңа цифрлық экожүйесін қалыптастыру процесі белсенді жүріп жатыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкі Банк қауымдастығымен бірлесіп, қаржы секторын одан әрі цифрландыру мақсатында жаңа заманауи шындыққа сәйкес келетін бірнеше жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл қаржылық және Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін автоматтандыру үшін қаржы ұйымдарының мемлекеттік органдармен электрондық өзара іс-қимылына көшу, клиенттерді қашықтықтан сәйкестендіру тетігін енгізу, жедел төлемдер үшін инфрақұрылым құру және бірқатар басқа инфрақұрылымдық шаралар, оның ішінде перспективада электрондық қаржылық қызметтердің ашық экожүйесін құруға бағытталған шаралар енгізуге бағытталған.
Мезеттік төлемдер жүйесін ұйымдастыру үшін банктер үшін жаңа есеп айырысу-клирингтік тетікті енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде, оның ішінде банктік қызмет көрсетудің әртүрлі дистанциялық арналарын пайдалана отырып, жеңілдетілген. Яғни, ұялы телефон нөмірі бойынша мезеттік режимде әртүрлі банктердің клиенттері арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ету бөлігінде. Бұл қаржы ұйымдары көрсететін цифрлық қызметтер спектрін кеңейтуге, оның ішінде осындай қызметтерді ұсынатын банктердің мобильді қосымшаларын пайдалануды арттыруға, бүкіл қаржы секторы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Көрсетілген жобаларды іске асыру интеграцияланған цифрлық ортаны құру, қаржы секторындағы сервистер деңгейін сапалы арттыру үшін қаржы институттарының, клиенттер мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылына негіз болады. Сондай-ақ, пандемия аз уақыт ішінде қазақстандық банктердің цифрлық әлеуетін жұмылдырып, тұтынушыға жаңа мүмкіндіктер мен жайлылық деңгейін бергенін атап кеткен жөн.
Сөзсіз банктердің цифровизациялану үрдісі банк жүйесінің айтарлықтай жақсы жақтарға өзгеріп, дамуына, қызметтерді алудың жылдамдығына әсер етіп, тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін банк ұсынатын өнімдердің қолжетімділігін арттырды. Бұл жөнінде ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Ғалым Хусаинов "Бүкіл нарық үшін ең үлкен нәтиже, әрине, клиенттерге қашықтан қызмет көрсету болды. Дәл осы бағытта барлық банктер процестерді жедел және тиімді түрде ұйымдастыра алды", - деп атап өтті. Алайда банктердің цифровизациялану үрдісі тұтынушыларға қолжетімділік пен жайлылық деңгейін беріп қана қоймай, жалпылама банк саласы үшін біраз қауіптер мен тәуекелдер санының артуына себепкер болды. Мысалы, банк тұтынушыларының жеке деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу, ақпараттың жоғалуы немесе байланыс жүйелері мен арналарының техникалық ақаулары, кибершабуылдар. Бұл жағдайлардың ешбірінде транзакция жүргізу мүмкін емес. Әсіресе кибершабуылдар жаһандық сарапшыларды алаңдатып отыр. Сарапшылардың пікірінше банктерге жиі кибершабуылдар жасалуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, банктің қауіпсіздік жүйесін бұзу арқылы үлкен ақша көлеміне қол жеткізуге болады. Екіншіден, банктер көптеген жеке деректер көлеміне ие, ал бұл деректерді кибершабуылды ұйымдастырушы қылмыскерлер тұлғаны өзгертуге байланысты басқа да заңсыз әрекеттер жасау үшін пайдалана алады.
Ал біздің елімізде банктердің цифрлық қауіптері мен тәуекелдері туралы мәселе енді ғана басталуда десек болады. Өйткені, банктердің цифрлану үрдісі біздің елімізде тек соңғы 3 жыл көлемінде қарқынды дамуда. Осындай банктердің цифрлық қауіптері мен тәуекелдері туралы мәселенің мысалы ретінде күнделікті банк тұтынушыларының жеке деректеріне қол жеткізу мақсатында жүздеген ел азаматтары мен азаматшаларына банк қызметтері туралы түрлі жалған зиян, жалған хабарламалардың жіберілуін ала аламыз. Осындай хабарламалар арқылы ұйымдастырушылар жоғарыда атап өткен себептер бойынша әрекеттер жасайды.
Келесі бір мәселе - бұл алаяқтық. Бұл тек біздің елдің емес, жалпы әлемдік қаржы нарығындағы, банк саласындағы үлкен мәселе. Отандық банк жүйелерінің қауіпсіздік жүйесінің сапасының нашар болуы банк саласында алаяқтықтың етек жаюына, соның салдарынан тұтынушылардың зардап шегуіне себеп болып отыр. Сонымен қатар , сарапшылардың ойынша банк жүйесінің жұмыс процесіндегі тәуекелдерді дұрыс бағаламау да үлкен мәселе туғызады. Яғни, бұл банктердің белгіленген бизнес- модельдерді дұрыс зерттемеуінің әсері деп тұжырымдай аламыз. Жоғарыда атап кеткен мәселелердің алдын алу немесе болдырмау үшін отандық банктер IT процесстерін дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік жүйесін жетілдіру керек.
Ендігі кезекте банктердің цифровизациялану үрдісі қаншалықты қажет деген сұрақты қарастырсақ. Ең алдымен, біз бүгінде әлемдік экономика өзгеріп жатқанын және Қазақстанға жаһандық цифрлық экономикада өз тауашасын иелену қажеттігін түсінуге тиіспіз. Маңызды инвесторлар үшін цифрлық экономика тартымсыз, өйткені ол қазірдің өзінде тиімсіз және орынсыз болып саналады. Цифрландыру – бұл постиндустриалды экономикадан ақпаратқа дейінгі қадам, ол ұлттық экономиканың тиімділігіне ғана емес, бәсекеге қабілеттілігіне де қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Үкімет мәлімдегендей, цифрландырудың арқасында Қазақстан экономикасы 30%-ға ұлғаюы тиіс. Мысалы, кедендік және салықтық қызметтерді цифрландыру есебінен ғана мемлекет бюджетіне 100 млрд теңгеден астам қаржы түседі.Егер өндіруші өнеркәсіп туралы айтатын болсақ, мұнда цифрлық технологияларды енгізу есебінен өнімнің өзіндік құны азаяды, өндіру ұлғаяды. Бүгінде компаниялар тобында енгізілетін жобалар дәл осыған бағытталған.
Экономика салаларын цифрландыру – "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтуге болады. Өнеркәсіп пен электр энергетикасын, көлік пен логистиканы, ауыл шаруашылығын цифрландыру, электрондық сауданы дамыту, сондай-ақ қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту көзделеді. Біз цифрландыру-жай ғана "сәнге құрмет" емес, бұл бизнес-процестерді тиімдірек, ашық, айқынырақ ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қажеттілік екенін нақты нәтижелерде көрсете отырып, бағдарламаны іске асыруда негізгі рөл атқарамыз. Бүгінде инвесторлар компанияларды цифрландыру деңгейіне көбірек көңіл бөлуде. Коммерциялық банктер бірнеше жылдан бері цифрлық трансформация процесінде. Осы уақыт ішінде технологияға айтарлықтай сомма инвестицияланды, клиенттер жаңа өнімдерді, коммуникациялардың сапасы мен қызмет көрсету деңгейін жоғарылатты.
Клиенттердің цифрлық қаржы қызметтерін пайдалануға дайындығы – банктердің ғана еңбегі емес. Адамдар сан алуан түрлі бизнестермен өзара әрекеттесу арқылы өмірдің өзгеруі туралы білді және осылайша жаңа клиенттік тәжірибе қалыптасты. Бірақ банктердің өзіне клиенттік тәжірибені одан да көп нәрсеге айналдыратын кез келді. Олар бұл мүмкіндікті клиенттермен жұмысты жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар өздерінің қайта құрылуы үшін де қолдануы керек. Цифрлық бизнес – тәжірибені жүзеге асыру әсіресе өзекті. Көптеген компаниялар өздерінің қаржылық қызметтерін интеграциялануда.
Көптеген жылдар бойы сарапшылар цифрлық трансформацияға әкелетін серпіліс туралы айтып келеді. Ковидтік 2020 жыл көбінесе коммерциялық банктер мен олардың клиенттеріне қарай жылжуды ынталандырды. Цифрлық сервистер олар үшін үйреншікті болып қана қойған жоқ. Оларсыз бизнес пен оның аудиториясының өзара әрекеттесуі мүмкін емес.
Алдағы бір-екі жылда банктер цифрлық болашаққа тағы бір маңызды қадам жасайды. Бұл жекелеген сандық қызметтерді біртіндеп енгізуден бастап клиенттермен жұмыс жасау саласында да, басқа нарықтардағы компаниялармен серіктестікте де ауқымды іс-қимылдарға көшкенде болады. Бірақ банктердің өздері жаңа шындыққа толық сәйкес келу үшін және оған фрагменттік өзгерістермен жауап бермеу үшін өздерінің ішкі бизнес-процестерін цифрландыруда белсенділік танытуы керек.
Қорытындылай келе, банк жүйесінің цифровизациялану үрдісі қажеттілік және заман талабы деп тұжырымдай аламыз. Банк болашағының маңызды тренді бүгінгі күнде әлем елдерінде қарқынды енгізуде. Бұл жаһандық үрдіс болғандықтан оны енгізбеу мемлекет экономикасы үшін де, банк қызметтерінің тұтынушылары үшін де кері әсерін тигізеді. Банк бизнесін жаңа деңгейге шығару үшін жаңа технологияларды енгізу, жаңа банк жүйесін қалыптастыру қажеттілігін әлемдік сарапшылар да мойындап отыр. Банктер тек дұрыс мақсат қою арқылы, жан- жақты есептеулер мен нақты стратегия арқасында тиімді цифрлы банк жүйесіне қол жеткізетіндерін ескеру керек. Цифрлық технологияларды тиімді ұйымдастыру, тұтынушылар сұранысын назарға алу, қызметкерлерді тиімді басқару мен қауіптер мен тәуекелдерді болжау, олардың алдын алу арқылы банк жүйесі жақсы жақтарға өзгереді. Сонымен қатар, жаңа цифрлық банк өнімдері мен қызметтерін қосу бәсекелестікті арттырып, банктердің цифровизациялану үрдісін дамытады.
Әдебиеттер тізімі:
- Скиннер К. Цифровой банк. Как создать цифровой банк или стать им. М.: Манн, Иванов и Фербер, 2015. 320 б.
- Резник И.А. Электронный банкинг: монография. Оренбург: ОГУ, 2008. 106 б.
- Центр Деловой информации: Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбековтің kapital.kz сайтына берген сұхбаты [Электронный ресурс]. – URL: https://kapital.kz/finance/70254/kak-tsifrovizatsiya-menyayet-rabotu-kazakhstanskikh-bankov.html (Өтінім берген күні: 27.01.2022)
- Forbes Kazakhstan: Татьяна Батищеваның Forbes Kazakhstan журналына жазған банктерді цифровизацияландырудың нәтижесі туралы мақаласы. URL: https://forbes.kz//finances/finance/davlenie_usilivaetsya_1628042875/ (Өтінім берген күні: 04.02.2022)
- Egov.kz: Мемлекеттік басқарудың инновациялық технологиялары: Цифрлық Қазақстан [Электронный ресурс]. – URL: https://egov.kz/cms/kk/news/konference_kz_digital (Өтінім берген күні: 29.01.2022)
Оставить комментарий