Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXII Международной научно-практической конференции «Естественные науки и медицина: теория и практика» (Россия, г. Новосибирск, 14 мая 2025 г.)

Наука: Биология

Секция: Ботаника

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Темірболат Р.Н. АҚЖАЙЫҚ ШИПАЖАЙЫ МАҢЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ҚҰРАМЫНА ФЛОРИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ // Естественные науки и медицина: теория и практика: сб. ст. по матер. LXXXII междунар. науч.-практ. конф. № 5(59). – Новосибирск: СибАК, 2025. – С. 43-49.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

АҚЖАЙЫҚ ШИПАЖАЙЫ МАҢЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ҚҰРАМЫНА ФЛОРИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Темірболат Райхан Нұрланқызы

2-курс магистранты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,

Қазақстан, БҚО, Орал қаласы

АННОТАЦИЯ

Бұл зерттеу Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Ақжайық шипажайы маңындағы далалық бадам (Amygdalus nana L.) қауымдастығының түрлік құрамын сипаттауға арналған. Далалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде аймақта 38 туыс пен 17 тұқымдасқа жататын 41 өсімдік түрі анықталды. Ең кең таралған тұқымдастар - Poaceae, Asteraceae, Fabaceae. Экологиялық талдау нәтижесінде өсімдік жамылғысында ксерофитті түрлердің (34%) басымдығы байқалды, бұл өңірдің құрғақ климаттық жағдайларын көрсетеді. Биоморфологиялық құрылым бойынша көпжылдық шөптесін өсімдіктер флорада басымдық танытып, 77,3% құрады. Ағаштар мен бұталар үлесі 11,3%, біржылдық және екіжылдық монокарпты түрлер де осы үлесті құрайды. Ақжайық шипажайы маңы флорасының экологиялық және биоморфологиялық әртүрлілігін айқындап, өңірлік ботаникалық ерекшеліктерді сипаттауға мүмкіндік береді.

АННОТАЦИЯ

Настоящее исследование направлено на выявление и характеристику видового состава фитоценоза степного миндаля (Amygdalus nana L.), приуроченного к окрестностям санатория Акжайык, расположенного в Акжайыкском районе Западно-Казахстанской области. В результате полевых ботанических исследований было установлено наличие 41 вида высших сосудистых растений, относящихся к 38 родам и 17 семействам. Доминирующими в таксономической структуре флоры оказались представители семейств Poaceae, Asteraceae и Fabaceae. Проведённый экологический анализ показал преобладание ксерофитных видов (34%), что свидетельствует о засушливом характере климата исследуемой территории. С точки зрения биоморфологической структуры, значительную часть флоры (77,3%) составляют многолетние травянистые растения. Доля древесных и кустарниковых форм составляет 11,3%; аналогичная доля приходится на монокарпические однолетние и двулетние виды. Полученные результаты отражают высокую степень экологического и морфологического разнообразия флоры данного региона и способствуют более глубокому пониманию ботанических особенностей пойменных экосистем Западного Казахстана.

 

Кілт сөздер: флора, өсімдік қауымдастығы, флористикалық құрам, биоморфологиялық талдау, Батыс Қазақстан флорасы

Ключевые слова: флора, растительное сообщество, флористический состав, биоморфологический анализ, , флора Западного Казахстана

 

Зерттеу нысаны – Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Ақжайық шипажайы маңындағы далалық бадам (Amygdalus nana L.) қауымдастығының түрлік құрамы болып табылады. Зерттеу аймағының жер бедері, соңғы кезеңдердегі геологиялық даму нәтижесінде тегіс жазықты болып келеді. Жақсы тегістігі мен жас болуына байланысты осы територияға тек қана сулы-эрозиялық, эолды, көлтабанды және суффозиялык скульптуралы жер бедері пішіндері тән [1].

Зерттеулер қолданыстағы геоботаникалық және флористикалық әдістемелер бойынша жүргізілді [2]. Өсімдіктердің тізімдемесі С.К. Черепанов және С.А. Абдулина бойынша және қазақша, орысша атауы С.А. Арыстанғалиев сөздігімен берілді [3-5]. Түрлердің таксономиялық орны «Plantarium» жəне International Plant Names Index (IPNI 2024) деректер базасынан келтірілген [6, 7].

Зерттеу ауданында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 38 туысы мен 17 тұқымдасына жататын 41 түр тіркелді  (1-сурет).

 

1-сурет. Ақжайық шипажайы маңының өсімдік қауымдастықтары

 

Зерттеу аймағындағы ең кең таралған тұқымдастар Poaceae, Asteraceae, Fabaceae флораның түрлік және туыстық биоалуантүрлілігінің негізгі бөлігін құрайды (кесте 1).

1-кесте.

Зерттеу ауданында флораның ең кең таралған тұқымдастарының таксономиялық құрылымы

Тұқымдастар атауы

Туыстар саны

Түрлер саны

абсолютті

%

абсолютті

%

1

Астық- Poacea

7

18,4

9

22

2

Бұршақ- Fabaceae

4

10,5

4

9,8

3

Күрделігүлділер- Asteraceae

10

26,3

10

24,3

4

Қалампырлар- Caryophyllaceae

2

5,3

2

4,9

5

Шатыршагүлділер- Apiaceae

1

2,6

1

2,4

6

Раушангүлділер- Rosaceae

2

5,3

2

4,9

7

Ерінгүлділер- Lamiaceae

1

2,6

1

2,4

8

Риян- Rubiaceae

1

2,6

1

2,4

9

Сирен- Sirenaceae

1

2,6

1

2,4

10

Шырмауық- Convolvulaceae

1

2,6

1

2,4

11

Қылшалар - Ephedraceae

1

2,6

1

2,4

12

Спаржалар- Asparagaceae

1

2,6

1

2,4

13

Жуалар- Alliaceae

1

2,6

1

2,4

14

Крестгүлділер- Brassicaceae

1

2,6

1

2,4

15

Қарақұмық- Polygonaceae

1

2,6

1

2,4

16

Құлқайыргүлділер- Malvaceae

1

2,6

1

2,4

17

Сабынкөктер - Scrophulariaceae

2

5,3

2

4,9

Жалпы:

38

99,7

41

99,6

 

Экологиялық топтары бойынша өсімдіктердің басым көпшілігі ксерофиттер (34 %) болып табылады. Өсімдік қауымдастығында ксерофиттердің басым болуы – бұл аймақтағы климаттық және экологиялық жағдайлардың құрғақшылыққа бейім екенін көрсеткіші болып табылады. Ксерофиттер – құрғақ, ылғалды аз ортада өсуге бейімделген өсімдіктер. Мұндай өсімдіктерде суды үнемдеуге және құрғақшылыққа төзімділікті арттыруға мүмкіндік беретін морфологиялық және физиологиялық бейімделулер бар (2-сурет) [3].

 

2-сурет. Ақжайық шипажайы маңының флорасына экологиялық талдау

 

Биоморфа (гректің bios - өмір және morpho - форма) – түрлердің систематикадағы орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы. Биоморфаның ерекше тобына күрделі өсімдіктердің ішінде негізгі биоморфаларға ағаштар, бұталар, жартылай бұталар, шөптер жатады. Геоботаникалық тұрғыдан Жайық өзенінің жайылмасы Е.Агелеуов бөліп көрсеткен «Каспий маңындағы шөлді аймаққа» жатады. Осыған орай аймақтың геологиялық тұрғыдан жас болуы және шөл аймақтың қатаң табиғат - климаттық жағдайлары флора құрамы мен құрылымының қалыптасуына әсер етеді [8]. Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктердің айқын сырт көрінісі, келбеті, яғни олардың тіршілік формалары қалыптасады. Жабық тұқымдылардың экологиялық - морфологиялық белгілеріне негізделіп жасалған И.Г.Серебряков (1962) ұсынған өсімдіктердің тіршілік формасының экологиялық-морфологиялық классификациясы көбіне нақтылық үшін қолданылады .

Ағаштар және жартылай ағаш тектес түрлер саны - 6, үлесі аймақ флорасының 11,3 пайызын құрайды (кесте 2).

2-кесте.

Жайық өзенінің сол жағалауындағы Ақжайық шипажайы маңы орман қауымдастықтарының флорасына биоморфологиялық талдау

Атауы

Саны

Жалпы түрден үлестік көрсеткіші, %

1

Ағаштар және жартылай ағаш тектес түрлер, соның ішінде

Ағаштар

Бұталар

Жартылайбұталар

6

 

3

2

1

11,3

 

5,6

3,8

1,9

2

Көпжылдық шөптесін поликарпиктер, соның ішінде

Кіндік тамырлы

Ұзын тамырсабақты

Қысқа тамырсабақты

Тамырсабақты

Шашақ тамырлы

Түйнек тамырсабақ

Бос түпті

41

10

14

6

5

2

3

1

77,3

18,8

26,4

11,3

9,4

3,8

5,7

1,9

3

Бір жылдық монокарпиктер, соның ішінде

Бір жылдықтар

Екі жылдық өсімдіктер

6

5

1

11,3

9,4

1,9

 

Аймақта таралған негізгі орман құраушы ағаштарға Populus alba L., Salix alba L., Populus tremula L., жатады. Орман ағаштарының бұталы ярусын Artemisia austriaca Jacq., Trinia muricata Godet., Trinia hispida Hoffm., Amygdalus nana L., Potentilla bifurca L., Salsola paulsenii Litv құрайды (11,3%).

Ақжайық шипажайы маңының флорасына биоморфологиялық талдау нәтижелері шөптесін өсімдіктер түрі басымдығын көрсетті - 41 (77,3 %). Олардың ішінде біржылдықтар флораның ¼ бөлігін құрайды (11,3%). Монокарпты шөптесін өсімдіктерге осы аймақтың флорасындағы біржылдықтар (терофиттер) - 6 түр (11,3 %) және екі жылдық өсімдіктер - 1 түр (1,9 %) жатады.

Поликарпиктер аймақ флорасының жартысынан астам бөлігін құрайды: кіндік тамырлы - 10 түр (18,8 %), ұзын тамырсабақты – 14 түр (26,4 %), қысқа тамырсабақты – 6 түр (11,3 %), тамырсабақты - 5 түр (9,4 %), шашақ тамырлы- 2 түр (3,8 %), бос түпті - 1 түр (1,9 %) және түйнек тамырсабақты – 3 түр (5,7 %). Жайылма топырақтарда көбінесе вегетативті қозғалғыш түрлер басым кездеседі.

Биоморфологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдік түрлерінің фитоценотикалық рөлі және ортаны құрудағы маңызы түсіндіруге болады. Ақжайық шипажайы маңының орман қауымдастықтарының флоралық құрамында жайылманың алуан түрлі топырақ, ауа, су және жылу режиміне және оның жайылма - аллювиальдық жағдайларына неғұрлым бейімделген вегетативті жылжымалы өсімдіктердің басымдығын көрсетті.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сдыков М.Н., Бисембаев А.А., Гуцалов С.Ю., Джубанов А.А., Рамазанов С.К., Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері. Ақжайық ауданы.- Орал қ., 2008. – 303 б.
  2. Дарбаева Т.Е. Өсімдіктер қауымдастығын зерттеу әдістемесі// Оқу-әдістемелік құрал / Т.Е.Дарбаева, Б.С.Альжанова, С.Н.Бохорова, - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2018. – 228б.
  3. Черепанов С.К. Сосудистые растения России и сопредельных государств. – СПб., 1995. – 990
  4. Абдулина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. – Алматы, 1999. – 187 с.
  5. Арыстангалиев С.А. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша орысша-латынша атаулар сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь». – 2002. – 288 б.
  6. Плантариум. Открытый онлайн атлас-определитель растений и лишайников России и сопредельных стран [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.plantarium.ru
  7. IPNI. 2025. The International Plant Names Index. Author query. Available: https://www.ipni.org/ipni/authorsearchpage.do
  8. Агелеуов Е.А Флора поймы реки Урал. – Алма-Ата: Наука, 1987. – 104 с.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий