Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: CXVII Международной научно-практической конференции «Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» (Россия, г. Новосибирск, 20 мая 2021 г.)

Наука: Технические науки

Секция: Биотехнологии

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Ахутов С. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ФИТОСУБСТАНЦИЯЛАР // Научное сообщество студентов: МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ: сб. ст. по мат. CXVII междунар. студ. науч.-практ. конф. № 10(117). URL: https://sibac.info/archive/meghdis/10(117).pdf (дата обращения: 17.05.2024)
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ФИТОСУБСТАНЦИЯЛАР

Ахутов Сүндет

Фармация факультетінің 4 курс студенті С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті

ҚР, Алматы

Қожанова Қалданай Қаржауовна

научный руководитель,

Фармация факультетінің оқытушысы «Инженерлік пәндер». С.Д. атындағы Қазақ ұлттық университеті КЕАҚ Асфендияров»

ҚР, Алматы қ.

Қараубаева Айгерім

научный руководитель,

Фармация факультетінің оқытушысы «Инженерлік пәндер». С.Д. атындағы Қазақ ұлттық университеті КЕАҚ Асфендияров»

ҚР, Алматы қ.

АННОТАЦИЯ

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы фитосубстанцияалу, соның ішінде көмір қышқылды экстракция әдісімен алынатын дәрілік өсімдік шикізаттарына шолу жасалынды. Фармацевтика ғылымы мен денсаулық сақтау мәліметтеріне сүйенетін болсақ жер бетінде дәрілік зат тұтынушыларының 80%-ға жуығы табиғи дәрілік өсімдік шикізатынан жасалатын дәрі-дәрмектерді қолданады [1].

ABSTRACT

This article presents an overview of medicinal plant raw materials obtained by phytosubstantiation in the pharmaceutical market of the Republic of Kazakhstan, including the method of carbon dioxide extraction. If we proceed from the data of pharmaceutical science and health care, then on Earth about 80% of consumers of medicines use medicines made from natural medicinal plant raw materials [1].

 

Түйінді сөздер: фитосубстанция, экстракция, мацерация, ремацерация, перколяция.

Keywords: phytosubstance, extraction, maceration, remaceration, percolation.

 

Кіріспе. Негізінен СО2 газы көптеген өндіріс саласында кеңінен қолданылып келеді. Оларды атап айтқанда косметологияда, тамақ өнеркәсібінде, дәрілік зат өндірісінде, аграрлық өнеркәсібінде және одан бөлек көптеген сала түрлерінде кеңінен тараған және күннен күнге қолданыста артып келеді. СО2 экстракттарының негізгі құрамына тоқталатын болсақ: олар температура  мен әртүрлі химиялық реакциялар кесірінен құрамы өзгермеген табиғи таза биологиялық белсенді заттар болып табылады[2].

СО2 сығындылары тазалығы бойынша "Абсолют" таза болып табылады және құрамы бойынша органикалық еріткіштердің қалдықтары жоқ. Көмірқышқыл газын критикалық нүктеге дейінгі жағдайда экстракциялау қорытындысы бойынша СО2 экстракттар құрамы биологиялық белсенді заттарға бай дайын өнім есебінде алынады[3].

Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында дәрілік препараттар өндірісінде көмірқышқылдық экстракциясын пайдалану арқылы алынатын фитосубстанциялардың өндіріс алаңын жобалау.

Зерттеу материалдары: Дәрілік өсімдік шикізаты, газ тәрізді СО2 конденсациясы, тазартылған су.

Зерттеу әдістері: мазмұнды талдау, логикалық, құрылымдық, графикалық.

Нәтижелер және оларды талқылау: Дамушы елдердің экономикалық тұрақтылығы мен тәуелсіздігі оның жеке фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда Қазақстандағы фитосубстанциялық дәрілік препараттар үлесі шамамен 5%-ды құрайды және фармацевтикалық өнімдердің көлемінің өсуі: импорт фитосубстанциясы және олардан дәрілік заттарды дайындау есебінен жүргізіліп жатыр[4].

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген медициналық препараттар саны 7490 атауды құрайды. Оның ішінде тіркелген фитопрепараттардың жалпы саны 105.  Бұл дегеніміз фитопрепараттарға сұраныс пен ұсыныстың көптігін және өндіріс ауқымының дамуын айқын түрде көрсетеді[5].

 

Сурет 1. ҚР дәрілік өсімдіктерінің ББЗ қорлары мен дәрілік препараттарына шолу

 

Еуропа елдерінде, оның ішінде - Германия,  Франция және Италия. Табиғи өсімдіктерден жасалған дәрілік заттардың 25% -ға жуығы Германиядағы дәрілік заттар ретінде анықталған болатын. Америка Құрама Штаттарында 1950-1970 жылдары фито препараттар өндірісінің құлдырауы көріне бастады, ал 80-90-жылдары осы топ препараттар өнімі 25 пайызды, 94 жылдары-35 пайызды және 2008-жылы 40 пайызды құрап отырды[6].

Елімізде қазіргі уақытта экологияға қауіпсіз жағдайда және сыртқы ортан адам өмірі мен денінің саулығына зиянды әсер етуін ескеріп, халықаралық фармацевтикалық өндірістік фитопрепараттарының құрамы бойынша табиғи биологиялық активті заттарға жақын, барынша қауіпсіз болып табылатын, фармакологиялық әсері бар, адам денсаулығына зиянсыз, құны бойынша тиімді дәрілік фитопрепараттарды жасау, фармацевтикалық нарықтағы бастапқы  негізгі бағыттардың бірі болып табылады [7].

 

Сурет 2.

 

Жоғарыда көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру үшін табиғат шикізаттарын толығымен жан-жақты зерттеп, ұтымды технологиясын тұжырымдап жүзеге асырудың негізгі жолы болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан 2050» стратегиясын бағытқа ала отырып, ғылым саласына қаржылар бөлінуде[8].

Қазақстан Республикасы бойынша ғылыми зерттеу мекемелері, жоғарғы оқу орындары, зерттеу лабораториялары мен виварилар зор қызмет атқарып, үлесін қосуда. Осы бағытты ала отырып, фармацевтикалық ғылыми зерттеулер өрлеу кезінде еліміз болашақта дамыған 30 мемлекет қатарына қосылу стратегиясын орындаймыз, Қазақстан Республикасы Елбасы «Қазақстан 2050: бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ» жолдауын орындауға байланысты фармацевтикалық өндіріс саласының Еліміздің экономика жағдайындағы орнын ескеріп, еліміздегі ДӨШ-тен жасалған дәрілік фитопрепараттардың халықаралық фармацевтика нарығына шығарудың жолында жаңа өнеркәсіптік орындарды салу, бар өнеркәсіптерді модернизациялау арқылы GMP стандарттарына сәйкестігін келтіре отырып, мемлекетаралық сауда нарығына жіберу. Осы жасалған жаңарту процесстері нарығымыздан шығатын дәрілік заттардың сапасын көтеріп, фармацевтикалық халықаралық алаңдарда сұранысын арттырып, бәсекеге қабілеттілігін келтіреді [9].

Қорытынды: Мақала тақырыбы фитосубстанцияларды алу бойынша аналитикалық шолу. "Аналитикалық және әдеби шолу" кезеңінде дәрілік нысандар ретінде экстракциялық дәрілік заттар мен экстракциялық дәрілік заттар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар және сонымен қатар экстракциялық дәрілік заттар өндірісі мен эктракциялық дәрілік заттардың сапасын толығымен бағалау, осы дәрілік нысандардағы дәрілік препараттардың биологиялық активтілігіне жалпы әсері бар факторлар толығымен қарастырылған болатын.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Нөкербек Ш. Artemisia rupestris өсімдігі негізінде жаңа фитопрепараттардың фармацевтикалық негіздемесін жасау // Диссерт. на соисание ученой степени (PhD) докторы философии Алматы, 2015. –С.7.
  2. Ибадуллаева Г.С. СО2 экстрактары негізінде жаңа фитопрепараттардың фармацевтикалық негіздемесін жасау  және стандарттау // Диссерт. на соисание ученой степени (PhD) доктор философии Алматы, 2015. –С.6.
  3. Устенова Г.О. Перспективы использования сверхкритической углекислотной экстракции в фармацевтической технологии. //Здоровье семьи – ХХ1 век. Онкология – ХХI век // Материалы Х11 Международной научной конференции и III Международной научной онкологической конференции. -   Пермь: Поница , 2008. - Ч. 11.- С.321-324.
  4. Касьянов Г.И.СО2–экстракты: Производство и применение// Москва-2004-6 c.
  5. Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов- Астана-2003г.
  6. Устенова Г.О. Экстрагирование сжиженными газами//Учебное пособие. -Алматы: Экономика.- 2010. - 65 с.
  7. ДильбархановР.Д., УстеноваГ.О.,  КожановаК.К. Растительное сырье,
  8. Омарова К.Т., Сейдахметова Р.Б., Пак Р.Н., Рахимов К.Д., Адекенов С.М. Антибактериальные свойства геля нейтральной части сосновой живицы «Пиносорб П». //Фармация Казахстана. – 2004. - №9. – с.20-21.
  9. УстеноваГ.О. Создание фитопрепаратов с использованием сверх критических углекислотных экстрактов//Материалы ХШ Международной научной конференции «Здоровье семьи-ХХ1 век».- Хургада, Египет: Изд-во «От иДо», 2009. - С.378-381.
Проголосовать за статью
Конференция завершена
Эта статья набрала 0 голосов
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.