Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 14(268)

Рубрика журнала: Педагогика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2, скачать журнал часть 3, скачать журнал часть 4, скачать журнал часть 5, скачать журнал часть 6

Библиографическое описание:
Ақылбек Г.А. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДА ЛОГОРИТМИКАНЫҢ ТҮЗЕТУШІЛІК МӘНІ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2024. № 14(268). URL: https://sibac.info/journal/student/268/325804 (дата обращения: 06.05.2024).

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДА ЛОГОРИТМИКАНЫҢ ТҮЗЕТУШІЛІК МӘНІ

Ақылбек Гүлфайрус Алтынбекқызы

2 курс магистрант, 7M01901 – Арнайы педагогика Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті,

Қазақстан, Алматы

Кабдырова Айнур Аскарбековна

научный руководитель,

ғылыми жетекші, аға оқытушы, PhD Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті,

Қазақстан, Алматы

КОРРЕКЦИОННОЕ ЗНАЧЕНИЕ ЛОГОРИТМИКИ В РАЗВИТИИ СЛОВАРНОГО ЗАПАСА ДОШКОЛЬНИКОВ

 

Акылбек Гульфайрус Алтынбеккызы,

магистрант 2 курса, 7M01901 – Специальная педагогика Казахский национальный женский педагогический университет,

Казахстан, г. Алматы

Кабдырова Айнур Аскарбековна

Научный руководитель, старший преподаватель, Phd, Казахский национальный женский педагогический университет,

Казахстан, г. Алматы

 

АҢДАТПА

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға логоритмиканың әсері сипатталған. Ойындар, ән айту, ырғақты қозғалыстар тыныс алу қарқыны мен ырғағының дамуына ықпал етеді.

АННОТАЦИЯ

В статье описывается влияние логоритмики на развитие словарного запаса дошкольников. Игры, пение, ритмические движения способствуют развитию темпа и ритма дыхания.

 

Түйінді сөздер: логарифм, қозғалыс, тыныс алу, сөздік.

Ключевые слова: логарифмика, движения, дыхание, словарный запас.

 

Қимыл-қозғалыс тірі материяның биологиялық қасиеттерінің бірі болып табылады. Адам ағзасы қоршаған ортасына қимыл, іс-әрекеттер арқылы бейімделеді. Әр қимыл бергілі бір ырғақпен жасалады. Ырғақтың негізгі белгісі ретінде бірнеше қимылдарды белгілі бір реттілікпен қайталау болып табылады (хлоп-хлоп – шапалақтау және т.б.)

Логопедиялық ырғақ – бұл дамуында әртүрлі ауытқулары бар, соның ішінде сөйлеу потологиясы, қозғалыс бұзылыстары бар адамдарды музыка, қимыл және сөз көмегімен оқытуға, тәрбиелеуге бағытталған түзету әдісі. Оның негізгі мақсаты – моториканы дамыту және түзету арқылы сөйлеу бұзылыстарын жеңу. Осы мақсатқа сәйкес логоритмиканың түзету, білім беру және тәрбиелік міндеттері анықталады.

«Логопедиялық ырғақ» ұғымының мазмұнын түсіну үшін жалпы ырғақтың не екенін анықтау керек. Адам өмірінің негізі қозғалыс болып табылады, Г.А.Волкованың сөзімен айтқанда, «ағза – қоршаған орта» жүйесіндегі тепе-теңдіктің негізгі механизмдерінің бірі. Өмір барысында адам ағзасы құрылымдық және функционалды түрде жетілдіріледі.

Қозғалыс моторикалық дағды мен шеберлікке негізделген.

Қозғалыс дағдысы–бұл белгілі бір дәрежеде, қозғалыс компоненттеріне және моторика мәселесін шешу тәсіліне көп көңіл бөлуді қажет ететін әрекет техникасын меңгеру.

Қозғалыс шеберлігі–бұл қозғалысты басқару автоматтандырылған және жоғары сенімділікпен сипатталатын әрекет техникасын меңгерудің жоғары деңгейі.

Әр қозғалыс белгілі бір ырғақта жүзеге асырылады. «Ритм» ұғымын кеңінен қолдануға болады: тыныс алу ырғағы, жүрек ырғағы, сөйлеу ырғағы, жұмыс ырғағы және т.б. «Ритм» ұғымы құбылыстардың, заттардың, процестердің, дұрыс ауысуының уақытша немесе кеңістік тәртібінің негізгі белгісімен сипатталады.

Педагогикалық салада ырғақ–бұл қозғалыстардың музыкамен байланысына негізделген физикалық жаттығулар жүйесі. Мұндай жаттығулар қозғалыстарды кезекпен алмастырулық ырғақ сезімін дамытады: аяқпен тарсылдату, басын шайқау, қолды серпу және т.б. Физикалық, яғни, тікелей тері арқылы ырғақты сезіне алмау музыкалық ырғақты қабылдауға мүмкіндік бермейді. Ол моторикалық және эмоционалды сипатқа ие.

Ырғақты қабілеттерді дамыту әдістемесін алғаш рет швейцариялық педагог және музыкант Э.Жак-Далькроз негіздеді. Ырғақты қабылдау кезінде пайда болатын сезімді адам психикасының ерекше көрінісі ретінде қарастыра отырып, ол оның негізінде музыкалық ырғақ, өлең ырғағы, қозғалыс ырғағы сезімін дамытуды ұсынды.

Бұл теорияның негізгі ережелері балалардың музыкалық ырғақты тәрбиесінің негізін құрады.

Кез келген қозғалысты адам белгілі бір ырғақта жасайды. Ритм сезімі бәріне тән.

Ритмика – бұл музыкаға сай қимылмен байланыстырылған физикалық жаттығу. Ритмика мектеп жасына дейінгі балаларды физикалық және көркемдік тұрғыдан тәрбиелеудің негізгі құрлымы. Ол балалардың жан-жақты дамуына әуендік естуді, музыкалық есте сақтауды, дұрыс қимыл-қозғалысты ықпал етеді.

Ритмикалық сабақта ойын жаттығулары, секіру қимылдары, жүгіру, гимнастика элементтері, би және еліктеу қимылдары қолданылады, сол арқылы балалар музыка темпін және мінезін қимыл арқылы көрсетуге үйренеді.

Логоритмика ұйымдастырылған жүйесіне қарамастан, логопедиялық сабақтарға қосымша болып келеді. А.Розенталь ойынша, логоритмика – музыка мен сөздерді қолдануға бағытталған сөйлеуді түзетудің жаңа әдісі.

Логоритмика жалпы дидактикалық және нақты принциптерге негізделген. Олар өз арасында байланыса отырып, сөйлеу бұзылысы бар балаларда тәрбие мен дамудың және түзету жұмысының функционалдық бірлігін анықтайды.

Жалпы дидактикалық принциптер:

  1. Жүйелілік принципі материалды ұсынудың дәйектілігін, түзету процесінің жүйелілігін, дамыған моториканы қайталауды оларды біртіндеп әдеттегі қимыл жүйесіне енгізуді анықтайды.
  2. Саналылық пен белсенділік принципі – баланың логоритмикалық қызметке саналы, белсенді қатынасы.
  3. Көрнекілік принципі барлық анализаторлардың өзара әрекеттесуін, қозғалыс туралы нақты ойдың пайда болуын анықтайды.
  4. Қол жетімділік және даралау принципі сөйлеу қаблеті бұзылған балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеруді қамтиды. Бұл ересектер мен балалардың физиологиясының әртүрлі дамуына, логоритмикалық сабақты құрудың әртүрлі әдістемелік тәсілдеріне, әсер етудің түрлі құралдары мен формаларына байланысты. Қол жетімділіктің оңтайлы өлшемі сөйлеу бұзылыстары бар балалардың жас және қозғалыс қабілеттерімен, сөйлеу бұзылыстарының жеке бастарына әсер етуімен және тапсырманың қиындық дәрежесімен анықталады. Жеке тәсіл потологиялық процестің сипатын, сондай-ақ жоғары жүйке қызметінің түрін, жасын, жынысын, мәртебесін ескеруді қамтиды.
  5. Талаптарды біртіндеп арттыру принципі студенттерге қиын жаңа тапсырмаларды беруді анықтайды.

Нақты принциптерге мыналар кіреді:

  1. Даму принципі қозғалыс белсенділігі процесінде ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және сенсорлық білім беруді бір уақытта жүзеге асыруды қамтиды.
  2. Логоритмикалық сабақтардың жан-жақты әсер ерту принципі бүкіл денеге, ағзаға әсер етеді.
  3. Этиопотогенетикалық принцип сөйлеу бұзылысының себебі мен патогенезіне байланысты логоритмикалық сабақтардың сараланған құрылысын анықтайды.
  4. Симптомдарды есепке алу принципі сөйлеу потологиясы бар баланың физикалық мүмкіндіктерін анықтайды.
  5. Күрделілік принципі логоритмиканың әсері сөйлеу тіл кемістігі бар балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық байланысын қамтиды және музыкалық іс-әрекеттің түрлерімен анықтайды.

Логоритмикалық сабақтардағы түзету міндеттері сөйлеу тіл кемістіктері бар балалардың мінез-құлқы мен жеке басын түзетумен тығыз байланысты шешіледі. Белгілі бір жастағы баланың психологиясын, сөйлеу бұзылуынан туындаған немесе оған дейінгі болған денсаулық ауытқуларын білместен балаға дұрыс әсер ету мүмкін емес. Сондай-ақ, кез-келген түзету жұмысында дамытушылық бастаудың болуын ескеру керек. Бұл өте маңызды, өйткені сөйлеу тілі бұзылыстары қалыптасып келе жатқан тұлғаларда пайда болады және дамиды. Сөйлеу тілі бұзылысы кей жағдайларда көптеген психикалық процестердің қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін: ойлау, есте сақтау, назар аудару, психикалық қызметтерін өзі реттеу қабілеттері. Түзету логоритмикалық жаттығулары, бір жағынан, бұзылған функцияларды түзетуі керек, екінші жағынан, баланың мынадай функционалды жүйелерін дамытуы керек: тыныс алу, дауыстық құрылым, артикулляциялық аппарат, есту және көру назары, есту және көру есте сақтауы, жалпы ерікті назарды.

Логоритмикалық сабақтарда артикуляциялық жаттығуларды қолдың қимылымен бірге жасау пайдалы. Мысалы, қолды екі жаққа созып «и» дыбысын, қолды алдыда шеңбер секілді ұстап «о» дыбысын, екі жақта тұрған қолды ақырын жақындата отырып «у» дыбысын айту. Жаттығу алдымен музыкамен бірге орындалады, содан кейін санау арқылы жасалады, соңында музыка мен санаусыз өздігінен жасалады.

Дыбыстарға толы мәтіндердің музыкамен айтылуы фонемалардың есту-айтылу дифференциациясының дамуына ықпал етеді. Дыбыстармен байланысты сс-ағын әуені, жж-араның ұшуы, цц-шегірткенің шырылы, зз-масаның ызыңы, шш-орман шуы секілді ассоциацияға үйрету балаларға дыбыстарды есту арқылы жақсы білуге мүмкіндік береді.

Түзету жұмысында логоритмиканы қолдану тыныс алу қарқыны мен ырғағының дамуына ықпал етеді. Мысалы, алдымен шеңбер бойымен бірқалыпты жүру, содан кейін нұсқау бойынша қолды жоғары көтеру (дем алу), қолды төмен түсіру (дем шығару), қолды екі жаққа созу (дем алу), екі қолды бір-біріне қосу (дем шығару). Осы жаттығуларды жеке дауысты дыбыстардың айтылуынан және олардың комбинациясына қолдану, ырғақты сөйлеуді қолдана отырып санау – «бір, екі, үш, төрт, бес», етістікті жіктеу – «мен жүремін, сен жүресің, ол жүреді».

Қимылдарды дамыту, сөзбен және музыкамен үйлесіп, тұтас тәрбие – түзету процесі болып табылады. Логоритмикалық сабақтардың негізі – сөз, музыка және қозғалыс.

Қозғалыстар ырғақты сөйлеу, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау арқылы үйлеседі. Музыкалық аспаптарда, ойыншықтарда ойнау қолдың қозғалысын дамытуға ықпал етеді. Мысалы, металлофонда, ксилофонда ойнау, ал кларнетте ойнау тыныс алудың дамуына, дауыс пен артикуляцияны дамыту өлеңдер мен тақпақтар айту кезінде және санамақтарды айтқызу кезінде дамытады.

Түзету жұмысында логоритмиканы қолдану сюжеттік-рөлдік ойында да көрініс табады. Мысалы, қыз балалар «бесік жыры» өлеңіне қуыршақты ұйықтатқан сияқты әлдилейді. Логоритмикалық сабақтарда әртүрлі тақырыптар мен сюжеттерге тақпақтар мен әңгімелік мәтіндерді қимылмен көрсету ойындарын қолдану пайдалы. Бұл ойындар балалар үшін үлкен қызығушылық тудырады және түзету жұмыстарының кезеңіне, бала жасына байланысты күрделене түседі. Мысалы, «мен кімге ұқсаймын?» ойыны, онда бір бала жануар қозғалысын бейнелейді (аю, қоян және т.б.), ал қалған балалар бұл жануарды болжап, атауы керек.

Логоритмика мектеп жасына дейінгі балаларда жалпы сөйлеу тілі дамымауын жеңуге көмектесетінін атап өткен жөн.

Мектеп жасына дейінгі кезден бастап балалар буындарды әндете айтуды үйренеді (ма-мо-му-мы), суретті әндете сипаттайды (ба-ла-лар жү-гі-ре-ді), берілген ырғаққа сай қимылдайды, аяқпен тарсылдатады, санамақтарды музыкамен және музыкасыз айтады (бір, екі, үш, бойға жина күш), тақпақтар, мақалдарды айтады, бұл балалардың қарым-қатынаста, ойын барысында, қозғалыста белсенділігін арттыруға, дұрыс сөйлеуге тәрбиелейді.

Осылайша, балалардағы жалпы сөйлеу тілі дамымауын жеңу үшін түзету жұмыстарында логоритмиканы қолдану – сөйлеу әрекетінің барлық аспектілерін дамыту, сөйлеу, есте сақтау, зейін, ойлау және балалардың психикалық белсенділігінің басқа да барлық функцияларын жетілдіру секілді негізгі міндеттерді жүзеге асыруға ықпал етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бабушкина Р.Л. Логопедическая ритмика: методика работы с дошкольниками, страдающими общим недоразвитием речи / Р.Л. Бабушкина, О.М. Кислякова; под ред. Г.А. Волковой – СПб.: КАРО, 2005.
  2. Волкова Г.А. Логопедическая ритмика. – М.: Владос, 2002.
  3. Гоголева М.Ю. Логоритмика в детском саду. – Ярославль: Акад. развития, 2006.
  4. Картушина М.Ю. Логоритмические занятия в детском саду. – М.: Сфера, 2005.
  5. Нищева Н.В. Логопедическая ритмика в системе коррекционно-развивающей работы в детском саду. – СПб.: Детство-пресс, 2014
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.