Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: Научного журнала «Студенческий» № 36(122)

Рубрика журнала: Экономика

Скачать книгу(-и): скачать журнал часть 1, скачать журнал часть 2

Библиографическое описание:
Утегенова С., Талипжан С. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУ // Студенческий: электрон. научн. журн. 2020. № 36(122). URL: https://sibac.info/journal/student/122/191420 (дата обращения: 20.05.2024).

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУ

Утегенова Сабина

2-курс бакалавры, "әлемдік экономика" тобының студенті, Университет «ТУРАН»

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Талипжан Сабина

2-курс бакалавры, "әлемдік экономика" тобының студенті, Университет «ТУРАН»

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

АННОТАЦИЯ

Бүгінде елімізде азық-түлік қауіпсіздігін күшейту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жағдай еліміздегі азық-түлікті тұтынатын халыққа және дамушы экономикамызға үлкен қиындықтар алып келетіні сөзссіз. Жалпы, осы жазылған жұмыста, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігінің күшеюінде қандай кедергілер мен мәселелер туындайды? Неге Қазақстанда экспортқа шығарылатын өнім өте аз? -деген сұрақтарды қарастыратын боламыз.

 

Түйін сөздер: азық-түлік мәселелері, шет ел өнімдерінің зяны, азық-түлік қауірпсіздігінің маңызы.

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда елімізде халықты сапалы әрі пайдалы азық-түлікпен қамтамасыз ету басты маңызды мәселенің бірі. Халықтың, болашақ ұрпақтың дені сау және алаңсыз бақытты өмір сүруі үшін әрине, осындай түрлі жағдайларды шешу керекпіз. Елімізде азық-түлік өнімдері көбінесе сырттан әкелінеді. Қазір кез-келген дүкенге кіретін болсақ, отандық өнімді немесе 100% табиғи өнімдерді алу қиынға соғады. Көбінесе жиі алатын азық-түлігіміз  шет ел өнімдері болып келеді. Өйткені, отандық өнім түрлері мен елімізде олардың саудаға шығарылуы өте аз. Соған қарап  өзіміздің елімізде экспорттан гөрі импорт басым екенін көруге болады.Бұл жағдай үлкен қиындықтарды тудырады. Өйткені, импорт өнімдерінің пайдасы мен зиянын айыра алмайтынымыз өтірік емес. Сырттан келетін азық-түліктің құрамы неден тұратынын, не қосатынын алдына ала білмей жатамыз. Осындай немқұрайлықтардан  қазір қаншама адамдар әртүрлі ауруларға шалдығып жатыр. Бұл біздің болашағымызға және дамып, жетілуімізге кері әсерін тигізеді.

Әдебиетке шолу

XXI ғасырда әлемде азық-түлік мәселелері шиелініскен болатын. Бұл мәселелер біріншіден, халық санының өсу көрсеткішінен азық-түлікті өндіру көрсеткішінің жоғары деңгейде болуы, екіншіден, ауыршаруашылығы саласындағы өнімді өндіруге негізделетін ресурстардың аз болуынан туындап отыр.Қазақстан әлемдік азық-түлік мәселелерінің үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін ескеріп, азық –түлік қауіпсіздігін жақсартуға  барынша тырысуда. Еліміз осы орайда әртүрлі жиындар мен шараларды уйымдастырып жүр. ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев«Нұр Отан» партиясының жиынында: «Біз әлемдегі азық-түлік өнімдеріне деген сұраныстың артып, дамуын ескере, әр салалардағы әсіресе, аграрлық саладағы технологиялық қамтамасыз ету және толық дамуды қолға алуымыз керек» деген болатын. Осыған байланысты бүгінде елімізде әртүрлі аграрлық қуатты базалардың құралуына үлкен жол ашылуда. Осы салаларды  жаңа техникалық құралдар мен заманауи технологиялармен қамтамасыз ету шаралары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Талқылау

Қазіргі кезде елімізде тұтынып жүрген азық-түліктің  85%-90%-ы сыртқы елдерден әкелінеді. Бұл көрсеткіш еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің төменденуіне әкеліп соқтыруы айдан анық. Себебі, азық-түлік қауіпсіздігінеазық-түліктің қайдан келіп, қай жерде өндірілетіні, өнімнің құрамы мен сапасы өте маңызды болып табылады. Расымен де, шет елден келетін өнімдерді жиі тұтынатынымыз бәрімізге белгілі. Барлығымызды шет ел өнімдерінің әртүрлілігі мен көптігі қызықтырады. Әдемі қораптағы шоколодтар, әртүрлі дәмдегі крекерлер мен тәтті сусындарды сатып алмай тұра алмаймыз. Нақты айтатын болсақ, осындай типті өнімдерді көбінесе сырттан әкеледі. Бірақ неге өз елімізде отандық өнімді қолдамасқа?Егер, біздің тұтынып жүрген азық-түлігіміздің  көп бөлігі өз елімізде өндіріліп және шет елден келетін өнімдер санын қысқартатын болсақ, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігінде ешқандай мәселелер туындамас еді. Өйткені осындай жолмен тұтынатын өнімдеріміз халыққа қауіпсіз болады және де сол өнімдерді ел ішінде өндіріп, тұтыну ешқандай қауіпсіздікті талап етпейтін еді. Елімізде шығарылатын отандық өнімдердіңең басты мәселелері өндіріс көлемі және оның шығарылатын түрлеріболып табылады. Иә, шынымен де ойлап қарасақ, елімізде отандық өнім түрлері мен шығарылатын көлемі сыртқы елдермен салыстырғанда өте аз.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Қазақстанның азық-түлік қауіпсізідгін күшейту тек, экономикамыздағы өзгерістерге байланысты болатыны анықталды. Өзгерістер еліміздің қарқынды түрде дамуына және де экономикадағы осындай мәселелердің болмауына өз септігін тигізеді. Азық-түлік қауіпсіздігін күшейтудегі маңызды факторлардың бірі, өнімінің сапасы болып табылады. Ал, өнімнің сапасы адам үшін өте маңызды. Сол үшін, қазіргі таңда бүкіл елде азық-түлік қауіпсіздігі зерттеліп жатыр. Себебі, әрбір ел өз халқының болашағы мен дамуы үшін осы мәселемен күресуде. Қазірігі таңда Қазақстанда да азық-түлік қауіпсіздігін барыншы күшейту үстінде. Болашақта елімізде бұл  мәселелердің шешіліп, елімізідегі азық-түліктердің қауіпсіз болатынына сенеміз!

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. https://egemen.kz/article/167758-zhaqandyq-masele-%E2%80%93-azyq-tulik-qauipsizdigi
  2. https://ikaz.info/azyk-tulik-kauipsizdigi/
  3. https://articlekz.com/kk/article/16756
  4. Автор:Рахимжанова Г.М. «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі және оны қамсыздандырудың басымдылықтары»
  5. https://yandex.kz/turbo?text=https%3A%2F%2Fwww.zakon.kz%2F4915210-o-potreblenii-produktov-pitaniya-v.html

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.