Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXIV Международной научно-практической конференции «Современная психология и педагогика: проблемы и решения» (Россия, г. Новосибирск, 18 сентября 2023 г.)

Наука: Педагогика

Секция: Информационные технологии в образовании

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Есжанова С.Г., Жансеркенов А.И. ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ // Современная психология и педагогика: проблемы и решения: сб. ст. по матер. LXXIV междунар. науч.-практ. конф. № 9(71). – Новосибирск: СибАК, 2023. – С. 29-33.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Есжанова Сымбат Газизовна

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, оқытушы-дәріскер,

Қазақстан, Талдықорған қ.

Жансеркенов Айса Ильясович

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, оқытушы,

Қазақстан, Талдықорған қ.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ ҚР білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды.

Қазіргі жағдайда білім беру жүйесі оқытудың жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және компьютерлік құралдарды кеңінен қолдануды қажет етеді. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыру.

Сондықтан әр оқушыдан инновациялық даярлығын өз бетімен арттырып, сабақ барысында жаңа әдіс тәсілдерді кеңінен пайдалану талап етеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік бағдарламасында мектептерде компьютердің санын жеткілікті дәрежеге дейін көтеру қажеттілігі көрсетілген. Осыған орай кез-келген пәннің әрбір сабағында мүмкіндігінше компьютерлік технологияны пайдаланудың қажеттілігі туындайды [1].

Заман талабы оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді. Оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттыруда мүмкіндігінше компьютерлік технологияларды пайдалану тиімді. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай тәжірибеде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсаты: әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру.

Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мені пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы-ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.

Сын тұрғысынан ойлауды үйренген оқушы «Оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, оқушы-басты тұлға, жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып, қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп, мұғалімге бере алатындай түсінікпен келуі, техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдері оқушы мен ұстаз біртұтастығын қажет етіп, екеуін де тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың қандай да болмасын шығарманы оқуына бетбұрыс жасап, одан әрі зерттеуіне, ізденуіне бағдар көрсетеді. Техникалық оқыту амал әдіс-тәсілдерінің физика пәніне ықпалы, әсері шексіз. Ол баланың еркін ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады [2].

Компьютерлік технологияларды тиімді түрде пайдаланудың негізгі шарты – компьютердің орны мен рөлін дұрыс анықтау болып табылады, ол информатика сабағында ғана қолданылумен шектелмеуі тиіс.

Компьютерді оқу үрдісінде қолдану проблемаларының ішінен екі бағытты бөліп алуға болады, олардың біріншісі - компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету, бұл жағдайда компьютер зерттеу объектісі болып табылады, екіншісі – компьютерді оқу құралы ретінде пайдалану.

Екінші бағыт шеңберінде компьютер оқыту құралдары жүйесінің белгілі бір компоненті деп есептеледі.

Оқу іс-әрекетіндегі басқару функциясын орындау - компьютердің оқыту құралы ретінде қолданылуының маңызды белгісі болып табылады. Белгілі бір жағдайларда инициативаны оқушының қолына беруге болады, онда оған әр қилы сұрақтар қойып, көмектің өлшемін таңдауға болады. Дегенмен, оқушының инициативасы оқу мақсаттарымен сәйкес келуі тиіс, сондықтан компьютер мүмкіндігі болып тұрса да барлық сұраққа жауап бермейді. Оның орнына қандай да бір эвристикалық нұсқау береді, көмекші есепті шығару ұсынылады т.б., яғни компьютер оқу іс-әрекетін модельдейді [3].

Компьютерлік оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Компьютерлік оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету машиналалары қолданылады. Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді. Оқытудың бұл түріне негіз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.

Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары:

  • оқу материалының бөлшектенілуі,
  • оқушының белсенді өзіндік жұмысы,
  • тұрақты тексеру,
  • оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,
  • техникалық оқыту құралдарын пайдалану,
  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
  • оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
  • оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
  • берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;
  • Зертханалық жұмыстардың тиімділігі.

Мақсатымыз мына әрекеттер арқылы жүзеге асады: сыни ойлау, еркін сөйлеу, ізденіс, белсенділік, ой бөлісу, тұлға аралық қатынас.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар шығармашылық жұмысқа белсене араласады;
  • Дүниетанымы кеңейеді;
  • Зертханалық жұмыстардың барлық түрін қызығып орындайды;
  • Білім мен біліктілік сапасы артады.

Ал дәстүрлі сабақ кезінде оқушылар белсенділігі төмен болатындығын білеміз, өйткені бірсарынды сабақтар оқушыларды жалықтырады. Техникалық оқыту тәсілдері әдістерін оқып-үйрене келе және оны тікелей қолданғанда байқайтын, бұл әдістің білім беру жүйесіне, әсіресе физика пәніне тиімді жақтары көп деген шешімдеміз.

Техникалық оқыту тәсілдері стратегиялары және ізгілендіруді көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, өзін дамыта алатын үнемі жетілдіру арқылы өз бағыт бағдарын айқындай алатын оқушы тұлғасын қалыптастырады [4].

Осы технологияны сабақта пайдаланғанда біз мынадай нәтижелерді күтеміз.

  • өз қабілеттеріне қарай мемлекеттік стандартты сапалы білім;
  • еркін әрі сыни ойлай білетін, белсенді және білікті;
  • өзін-өзі тани алатын, өзіне сене отырып, біліміне жауапкершілікпен қарайтын;
  • оқу процесі кезінде алған түрлі мүмкіндіктерін өзекті мәселелерді шешуде таңдай және қолдана алатын;
  • өз мүмкіндігінше сенімді және жоғары баға беретін;
  • физика пәнін еркін меңгерген.

Білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты. Оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты. Білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.

Компьютер оқытудың басқа техникалық құралдарын пайдаланғанда, мүмкін болмайтын объектінің сипаттамасының үздіксіз өзгеруін бақылап отыратын, бірнеше рет қайталанатын және үздіксіз түрлендірулерді басқаруға болатын мүмкіндіктерді береді.

Оқылған материалды бекіту, қорытындылау және жүйелеу кезеңдерінде жүргізілетін лабораториялық жұмыстар оқушылардың оқу материалы туралы білімдерін тереңдетуге, кеңейтуге және оқып- үйренуге арналған көрнекі- мағыналы база құруға мүмкіндік тудырады.

Компьютерлік сабақтар ретінде лабораториялық жұмыстарды жүргізу оқушылардың көрнекі-кескіндік, абстрактылы- логикалық ойлай білуін дамытуға, сол сияқты маңызды қасиет болып табылатын-икемділікті дамытуға жақсы жағдай тудырады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
  2. Халықова К.З. Информатика оқыту әдістемесі. – А.: «Білім», - 2000ж.
  3. Есенғабылов І.Ж. Орта мектептің 5-6-шы сыныптарында математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі: дисс... канд. пед.наук.-Алматы, 2009-Б.150.
  4. Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физики. – М.: Изд. центр «Академия», 2008г.
Удалить статью(вывести сообщение вместо статьи): 
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.