Телефон: 8-800-350-22-65
WhatsApp: 8-800-350-22-65
Telegram: sibac
Прием заявок круглосуточно
График работы офиса: с 9.00 до 18.00 Нск (5.00 - 14.00 Мск)

Статья опубликована в рамках: LXXXIX Международной научно-практической конференции «Экспериментальные и теоретические исследования в современной науке» (Россия, г. Новосибирск, 29 мая 2023 г.)

Наука: Юриспруденция

Скачать книгу(-и): Сборник статей конференции

Библиографическое описание:
Байгелова Н.Е., Ищанова Г.Т. ЦИФРЛЫҚ ОРТАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ // Экспериментальные и теоретические исследования в современной науке: сб. ст. по матер. LXXXIX междунар. науч.-практ. конф. № 5(81). – Новосибирск: СибАК, 2023. – С. 51-57.
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

ЦИФРЛЫҚ ОРТАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Байгелова Нургуль Елеусизовна

з.ғ.к., доцент «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы, К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы

Ищанова Гульнар Тулемисовна

з.ғ.к., доцент «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы, К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы

DIGITAL MIDDLE BASIC QUESTIONS ORGANIZATION OF LEGAL

 

Baigelova Nurgul

candidate of legal sciences, associate professor department of socially-humanitarian sciences International university of business  of the name K. Sagadiev,

Kazakhstan, Almaty

Gulnar Ichanova

candidate of legal sciences, associate professor department of socially-humanitarian sciences International university of business of the name K. Sagadiev,

Kazakhstan, Almaty

 

АННОТАЦИЯ

Сегодня цифровые технологии проникают во все сферы нашей жизни. Восемьдесят лет назад электронная почта только зарождалась, и вначале ею пользовались только ученые и несколько интеллектуалов, но теперь электронной почтой пользуются все, от пожилых до молодых. Его масштабы даже расширились, и цифровые технологии охватили большую часть человеческой жизни. Например, мы используем мобильный телефон для разговора с кем-то, обмена письмами, обмена необходимой информацией и других потребностей, мобильный телефон - это цифровая технология. Мы используем ноутбук или компьютер, чтобы смотреть фильмы, новости, разные видео, читать разные статьи, играть в компьютерные игры. Это тоже цифровая технология. То есть сегодня наша жизнь тесно связана с цифровыми технологиями. Это требование жизни.

ABSTRACT

Today digital technologies penetrate into all areas of our life. Eighty years ago, e-mail was in its infancy, and in the beginning was used only by scientists and a few intellectuals, but now e-mail is used by everyone, from the elderly to the young. Its scale has even expanded, and digital technologies have embraced most of human life. For example, we use a mobile phone to talk to someone, exchange letters, exchange necessary information and other needs, a mobile phone is a digital technology. We use a laptop or computer to watch movies, news, different videos, read different articles, play computer games. This is also digital technology. That is, today our life is closely connected with digital technologies. This is the requirement of life.

 

Ключевые слова: Цифровое право; электронная коммерция; интернет; дистанционное обучение,;электронное правительство.

Keywords: Digital law; e-commerce; internet;distance learning; e-government.

 

Қазақстан Республикасының құқық жүйесі соңғы жиырма жылдықта әлемдік интернет желісінің, әлемдік электронды экономиканың дамуына орай айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұл ең алдымен материалдық түрдегі құқықтық қарым-қатынастардың киберкеңістікке өтуімен байланысты. Біз тек сату-сатып алу саласының кибержеліге өтуін ғана емес, күтпеген салалардың, мысалға: электронды үкімет, мемлекеттік және жеке қызметтердің өзге де түрлері жөнінде айтып отырмыз. Егер біз оған жаңа киберкеңістіктегі қылмыстық құқық бұзушылықты қосатын болса шыңдық одан да айқындала түседі. Бұл салада жүйелік құқықтық реттеудің болмауы және тіпті негізгі заңдық терминдердің минималды жиынтығы Қазақстан Республикасының заңнамаларын, нормативті актілерін қарқынды дамып келе жатырған цифрлық құқық жүйесінен қорғансыз етеді. Цифрлық құқық жүйесін түсіну қазіргі цифрлы экономиканың негізгі проблемалы мәселелерін, сондай-ақ мемлекетпен цифрлық құқықтың маңызды салаларына: блокчейн, криптовалюта, смарт-келісім-шарттар, интернет желісін пайдаланушыларды сәйкестендіру, ішкі желідегі дауларды шешу, киберкеңістіктеге адам және мемлекет қауіпсіздігі, кибер қылмыстардың алдын алу шаралары жөнінде түсінік береді. Осылайша Қазақстан Республикасы интернет желісі арқылы әлемдік даму жолында артта қалған мемлекеттердің бірі болып отыр. Алайда, бұл жағдай шетелдік заңды Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесіне көшіріп қою керек дегенді білдірмейді.

Цифрлық құқық қазіргі уақытта кез келген қоғамдық қарым-қатынаста орын алады. Кез келген мемлекетте цифрлық құқық кең көлемде даму үшін оның алғы шарттары болуы тиіс. Ең негізгі алғышарт мемлекетте цифрлық технологиялар және интернет желісі болуы қажет. Қазақстан Республикасында оған алғы шарттар толығымен жасалған. Біріншіден мемлекетіміздің барлық дерлік азаматында смартфон, теледидар, ноутбук немесе компьютер секілді цифрлы технологиялар бар. Екіншіден, Қазақстан Республикасында интернет желісін қолданушы азаматтар жылдан жылға көбеюде. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірлігінің статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек интернет желісін пайдалануға мүмкіндігі бар абоненттер 15,1 млн адамды құрап отыр. 2017 жылы Қазақстан Республикасының тұрғындарының 77 % интернет желісіне қосылған. Мұның өзі Қазақстан Республикасында цифлық құқықтың пайда болуына негізгі алғышарттардың жасалғанын дәлелдейді [1]

Цифрлық құқықтың пайда болуының екінші қадамы бұл мемлекетте цифрландыру процесінің жүруі болып табылады. Қазақстан Республикасында цифрландыру процесі мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан басталды. Цифрландыру процессі ресми жүрмегенімен мемлекеттік органдардың жұмысында цифрлық технологиялардың қолданыла бастауы, мемлекетте алғаш интернеттің пайдаланылуы, мемлекетте онлайн-магазиндердің пайда бола бастауы цифрландыру процесінің пассивті түрде жүріп жатырғаның негізгі белгісі болды.

Қазақстан Республикасындағы цифрландыру процесінің ауқымды дамуы 2017 жылдың 12 желтоқсан айындағы № 827 қаулысымен келді. Бұл күн Қазақстан Республикасындағы цифрлық құқықтың дамуы үшін ерекше маңызды. Өйткені Қазақстан Республикасының үкіметі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның негізі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтарындағы жолдауынан алынды. Бұл қаулы Қазақстан Республикасын толық цифрланған мемлекетке айналдыру үшін құрылған болатын. Жобаның негізгі орындалу уақыты 2018 және 2022 жыл болып бекітілді. Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын цифрландыру және мемлекеттің жұмыстарына цифрлық технологияларды толығымен енгізу, олардың жұмыс барысын жақстарту арқылы Қазақстан Республикасынның Конституциясының 1 бабында көрсетілген мемлекеттің негізгі байлығы халықтың өмірін жақсарту болып табылады. Бұл жоба неліктен цифрлық құқықтың дамуына көмектеседі десеңіздер, еліміздегі цифрландыру процесі цифрлық қарым-қатынастарды тудырады, ал, цифрлық қарым-қатынастар бұл цифрлық құқтық реттелуді талап етеді. Бағдарлама 2022 жылы өзін толық ақтаса, еліміздегі онлайн-сауда немесе электронды-сауда көлемі 2,6%-ға өседі, цифрландыру процесі арқылы мемлекетімізде 300 000 мыңнан аса жұмыс орны пайда болады, кибер желіні пайдаланушылар 82% дейін өседі, ал, халықтың цифрлық білімі 83 %-дан асады [2].

Қазақстан Республикасының Президенті 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан 2020» атты мемлекеттік бағдарламаны қабылдады. Бұл жарлықтардан бөлек Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің дамуына 2003 жылдың 7-ші қаңтарында қабылданған «Электрондық құжат және электронды цифрлы қолтаңба туралы», 2004 жылдың 5-ші шілдесіндегі «Байланыс туралы», 2015 жылдың 24-ші қарашасындағы «Ақпараттандыру туралы» жарлықтары әсер етті. Осы процесстердің арқасында 2006 жылы Қазақстан Республикасында Egov.kz атты электрондық үкімет пайда болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы электронды үкіметтің дамуы бойынша әлемдік индексте 2018 жылғы статистика бойынша 39 орында тұр, бұл еліміздегі электронды үкіметтің деңгейін көрсетеді.

Қазақстан Республиасының электронды үкіметі арқылы кез-келген мемлекеттік қызметті онлайн немесе электронды түрде алуға болады. Мысалға: арнайы мемлекеттік жәрдем ақы алуға, азаматтың жеке ісін алуға, азаматтың сотталғанын немесе сотталмағаны туралы құжат алуға, білім беру лицензиясын алуға, некеге тұру туралы анықтама алуға және де төлемдерді онлайн төлуге болады. Бұл процесстердің барлығы ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) ақылы жүргіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен істелген және электрондық құжаттың растығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін дәлелдейтін электронды цифрлық нышандар терімі. ЭЦҚ-ны да онлайн немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы алса болады.

Жоғарыда айтылған мемлекеттік қызметтердің қаншалықты деңгейде жұмыс жасап жатырғанын байқау үшін Egov.kz сайтының 2017 жылғы өз қызметтері туралы берген статистикасынан байқасақ болады. 2017 жылдың статистикасы бойынша азаматтардың мемлекетке электронды үкімет арқылы төлеген төлемақысы 41,5 миллиард теңгеден асқан [3].   

Цифрлық құқықтың адамдардың қарапайым өміріндегі қолданылуы туралы айтатын болсақ. Ең қарапайым мысал ретінде әлеуметтік желілерді ала алмыз. Әлеуметтік желілерге: Facebook*, Youtube, В контакте, Whatsapp, Skype, Twitter* және тағы да басқалары.

ХХІ ғасырда әр адам әлеуметтік желіге тіркелген, кейбір адамдарда тіпті екі-үш аккаунттан бар. Әлемде миллиардтан асатын адамдарда әлеуметтік желілер бар екен және де 2018 жығы статистикаға қарағанда әлеуметтік желілерді қолданушы адамдар 288 миллионға өскен, бұл дегеніміз 9%. Әлеуметтік жүйелердің ауқымдылығын байқау үшін статистикаға жүгінсек болады [4].

Танымал әлеуметтік желілерді қолданатын азаматтардың көлеміWe are social және Hootsuite агенттіктерінің зерттеу жұмыстарына сүйенсек әлемнің 2,2 миллиардтан астам адам Facebook*, 1,9 миллиардтан астам адам Youtube, 1,5 миллиардтан астам адам Whatsapp әлеуметтік желілерін қолданады екен [4]. Азамат әлеуметтік желіге тіркелгеннен бастап цифрлық құқықпен қарым-қатынасқа түседі. Мысалға: азамат Facebook* әлеуметтік желісіне тіркелген уақытта Facebook* желіні қолданушы азаматқа өзінің шарттарын ұсынады. Ол шартта сіз туралы ақпартты қолдануға, керек жағдайда жариялауға, сіздің орналасқан жеріңізді анықтауға, сіздің жариялаған суретіңізді немесе жазбаңызды жоюға, сіздің аккаунтыңызды жабуға, егер ереже бұзсаңыз және де өзге заттарға құқылы екені жөнінде жазылады, одан бөлек сіздің құқықтарыңызбен міндеттерінізді көрсетеді. Яғни, сіз азаматтық шартқа қол қоясыз. Әлеуметтік желілерде азаматтар әр түрлі қоғамдық қарым-қатынастарға түседі. Оның ішінде жан-жақты мәселелерді талқылау, авторлық құқықтағы туындылармен бөлісу, сату-сатып алу процесстері және тағы да басқалары. Әлеуметтік желілерде қоғамдық қатынастар жүзеге асқандықтан азаматтардың құқықтарыда жиі бұзылады. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі ол авторлық құқықтың бұзылуы.

ТМД көлеміндегі ең танымал әлеуметтік желі бұл «В контакте». «В контакте» желісінде жоғарыда айтылған авторлық құқықтың бұзылуы ең жиі кездесетін мәселелрдің бірі. Мысал ретінде авторлық құқығы бекітілген әуенді өзге жат азамат өз парақшасына салса немесе өзгелей қолданса және қолдану барысында авторлық құқығы бекітілген азаматты белгілемесе ол тек Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңын бұзып ғана қоймай әлеуметтік желімен пайдаланушы арасында бекітілген азаматтық шартты да бұзады. Осындай жағдайда бұзылған авторлық құқықтың иесі әлеуметтік желінің әкімшілігіне шағым жасайды немесе авторлық құқықты бұзған азаматқа сотқа береді. Одан бөлек жиі кездесетін заң бұзушылықтар бұл сіздің рұқсатыңсыз сіз бар фото немесе видео материал салу, хат алмасудың құпиялығының бұзылуы, алаяқтық және өзгеде құқық бұзушылықтар.

Цифрлық жүйенің дамуы әлемде цифрлық ақша бірлігінің пайда болуына әкелді. Криптовалюта дегеніміз цифрлық төлем құралы. Криптовалютаны кей кезде биткойн деп те атайды. Оны 2009 жылы Сатошо Накомото атты математик ойлап тақан болатын. Сатошо Накомото деген ғалымның шын аты жөні емес, негізі криптовалютаның ойлап табушы авторы әлі бегісіз. Криптовалютаның электрондық немесе матиалды бейнесі жоқ, ол тек есеп айырысу мәнін білдіретін цифрлық сандар жинағы [5].

Қазіргі уақытта әлемде цифрлық құқық адам құқығымен теңестірілді. Себебі интернет желісінің дамуы адам құқығына кең мағынада ықпал ете бастады. Кей жағдайда адам құқығы бұзыла бастады. Интернет желісінде адам құқықтары қалайша бұзылады? Олар интернетке кіру құқығы, ақпаратты іздеу, алу және тарату құқығы, цифрлық туындыларды пайдалану, жасау және жариялау құқығы, интернеттегі азаматтың құпиялық құқығы, анонимділік құқығы, сөз бостандығы құқығы және өзге де адам құқықтары.

Азаматтың интернетке кіру құқығын шектеу жөніндегі негізгі көзқарастар Біріккен Ұлттар Ассамблеясының 2011 жылғы 16 мамырда өткен 17-ші сессиясында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне ұсынылған сенім бостандығы және оларды еркін білдіру құқығын жылжыту және қорғау жөніндегі арнайы баяндамасында айтылған. Ол бойынша:

Шектеу Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің 3-тармағына 19 бабына сәйкес келуі қажет, атап айтқанда азаматтардың құқықтарын немесе беделін қорғау, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығы мен сенімін қорғау қажет (заңдылық қадидаты)

Шектеудің қажеттілігі дәлелденуі тиіс және көзделген мақсатқа жету үшін қолданылған құрал болуға тиіс (қажеттілік және пропорционалдық принципі) [6, 4б].

Еркін іздеу, ақпаратты алу және оны тарату Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің 19-бабында анық бекітілген, ол еркін ой жеткізу құқығында жазылған: «Әрбір адам өз пiкiрiн еркiн бiлдiруге құқылы. Бұл құқық мемлекеттік шекараларға қарамастан кез келген ақпараттар мен идеяларды еркiн iздеу, тауып алу және оларды өз қалауынша таңдап алған құралдар арқылы ауызша, жазбаша немесе баспасөз арқылы немесе көркемдiк бейнелеу формалары түрiнде тарату бостандығын да қамтиды» [5]. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шарты Қазақстан Республикасында 2005 жылдың 28 қараша күні ратификацияланған. Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенер болсақ, оның 20-шы бабының 2-ші тармағында кез келген азаматтың тыйым салынбаған тәсілмен қалаған ақпаратын алуға және іздеуге құқығы бар деп жазылған. Қазақстан Республикасының тәжірибесінде интернет ресурстарға блок қою, оған деген қол жетімділікті шектеу мол. Бұл өте өкінішті жағдай және бұл ситуация жоғарыда көрсетілген ратификацияланған халықаралық келісім-шарттарға, Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де заңдарына қарама-қайшы келеді.

Цифрлық құқықтың ең актуалды мәселелерінің бірі әлемдегі барша әлемдегі азаматтардың цифрлық құқығының бұзылуы болып табылады. Мемлекеттер Covid-19 індетінің пайда болуынан бұрын да азматтардың цифрлық құқықтарын бұзып келгенді. Олар интернет желісіндегі сөз бостандығын шектеу, интернет желісінің дербестігін шектеу, цифрлық технологиялармен интернетті қолдана отыра өз азаматтарын бақылау жағдайлары. Covid-19 індеті кезінде ол күшейе түсті. Мемлекеттерде азаматтарды цифрлық бақылау үшін негіздер және бақылаудың нақты технологиясы пайда болды.

Әлемде кибер қауіпсіздік мәселесі екі-үш есе өзекті бола түсті. Кибер қауіпсіздіктің әлсіз болуының әсерінен тек мемлекеттер ғана емес, азаматтарда зардап шегуде. Zoom бағдарламасындағы видео жазбалардың, аккаунттағы мәліметтердің даркнетте тарауы адамдардың бұзылып жатырған цифрлық құқығын айқындай түсті. Мемлекеттерге даркнетке байланысты нақты әрі батыл шешімдер қабылдауға тура келуде. Себебі даркнеттегі көлеңкелі сауда бірнеше есе арта түсті.

Цифрлық құқықтың жеке құқық саласы ретінде бөлінуі жөніндегі пікірталас та өз мәресіне жете түсті. Өйткені, кибер желі кеңейіп оны қоданушылар күн санап көбеюде. Оған қоса жаңа цифрлық қарым-қатынастар пайда болды.

Қорыта келгенде, жаңа цифрлық технологиялардың пайда болуы және одан туындайтын цифрлық қарым-қатынастар мен цифрлық құқық мәселесі бүкіл әлемнің ортақ мәселесі болып отыр. Себебі кез-келген цифрлық қарым-қатынас кибер желіде болғандықтан халықаралық маңызды мәселеге айналды.

 

* (социальная сеть, запрещенная на территории РФ, как продукт организации Meta, признанной экстремистской – прим.ред.)

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. zakon.kz https://www.zakon.kz/4988597-chislo-polzovateley-interneta-v-strane.html
  2. 2017 жылғы 12 желтоқсандағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы қаулы. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827.
  3. egov.kz https://egov.kz/cms/ru/digital-kazakhstan
  4. Web-canape. https://www.web-canape.ru/business/vsya-statistika-interneta-na-2019-god-v-mire-i-v-rossii/
  5. https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai?lang=ru
  6. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы 2005 жыл. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000091
Проголосовать за статью
Дипломы участников
У данной статьи нет
дипломов

Оставить комментарий

Форма обратной связи о взаимодействии с сайтом
CAPTCHA
Этот вопрос задается для того, чтобы выяснить, являетесь ли Вы человеком или представляете из себя автоматическую спам-рассылку.